Дезинфекция (залалсыздандыру) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үдерісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады [6, 7]



бет8/11
Дата19.09.2022
өлшемі47,75 Kb.
#149996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 сабақ

«ДП-Алтай» дезинфекциялық құралы белсенді заты ретінде трихлорициануралық қышқылын қамтиды. Салмағы 5 г-дық хлорлы иісі бар дәрі қалпында шығарылады. Оның микробқа қарсы әсері жүреді: грамм оң және грамм теріс бактерияларға (өкпе құрты микобактериясын қосқанда), вирустарға (энтеровирустық инфекциялардың қоздырғыштары – полиомиелит, Коксаки, ЕСНО; энтеральды және парентеральды гепатиттер, ВИЧ-инфекциясы, тұмау, «құс» тұмауы H5NI, герпетикалық, цитомегаловирустық, аденовирустық инфекциялар),қышыма қотыр.
Медициналық қолданыстағы құралдарды, бөлмедегі бедерлерді (еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз, санитарлық транспорт, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б.), төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, күтім және жеке бас гигиена құралдары, жуып-тазалау құралдары, медициналық қалдықтарды өңдеп-тазалауға арналады.
«Дюльбак ДТБЛ» дезинфекциялық құралының құрамында 4,5% диде-цилдиметиламмоний хлориді, 6% беткейлі-белсенді заттар, 6% сілтілі тұздары бар иіссіз, қою көгілдір түстес, сұйық концентраты. Бактеридцидті (туберкулоцидті), вирулицидті (парентеральды вирустық гепатиттер мен ВИЧ-инфекция қоздырғышына қарасты), фунгицидті (Кандида және дерматофит тектес қышыма қотырға қарасты), жуып-шаюшы қасиетке ие.
ЕАМ-дегі алдын-алу, күнделікті, қорытынды дезинфекциялау кезінде бөлме бедері, жиһаз, медициналық қолданыстағы бұйымдар, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарды өңдеуде қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыры (кандидоз, дерматофития), вирустық (гепатит пен ЖИТС) инфекция ошағында дезинфекция жүргізгенде де пайдаланылады. Өңдеу жұмысын ерітіндімен сүрту, суармалау және толыққанды ерітіндіге енгізу арқылы жүргізеді. Ерітіндіні орта есеппен 2-ден 50 мл шамасында сумен араластырып дайындау көзделген.
«Санивап» дезинфекциялық құралы - салмағы 3,5 (±0,3) г ақ түсті дөңгелек пішінді дәрі. Белсенді заты – дихлоризоци-ануралық қышқылдың натрий тұзы -73,0% және қызметтік құрамдас бөліктер: адипинді қышқыл, натрий гидрокарбонаты. Белсенді хлор массасы (1 дана дәріні суда еріткенде) 1,5±0,15 г. Микробқа қарсы әсері бактерияға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса алғанда), вирусқа, қышыма қотырға жүреді.
ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирустық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет