Дезинфекция (залалсыздандыру) – қоршаған ортадағы адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді микроорганизмдерді жою үдерісі; бұл термин жансыз нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін «антисептика» термині қолданылады [6, 7]



бет9/11
Дата19.09.2022
өлшемі47,75 Kb.
#149996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 сабақ

«Акватабс» дезинфекциялық құралы – дезинфекциялаушы хлорлы дәрілер; белсенді заты – дихлоризациануралық қыщқылдың натрий тұзы мен толықтырғыштар (натрий бикарбонаты, адипинді қышқыл мен натрий сульфаты). Бұл құралдың бактерицидті, вирулицидті және фунгицидті әсері бар.
Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинастыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз.
«Медифокс»дезинфекциялық құралы – инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕАМ-дегі қышыма мен педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз.
Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді де қолдануымызға болады [15].
3.3.7 Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау техникасы
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы [7, 18, 30].
1) Алдымен 10% хлорлы әк ерітіндісін дайындайды - 1 кг құрғақ хлорлы әкті 10 л (ыдыс) суық суға араластырады (хлорлы әкті ағаш күрекшемен ұсатады);
2) қосындыны бір тәуілікке қалдырып қояды; 
3) дайын болған ерітіндіні қара ыдысқа құйып, ауызын бекітіп қояды;
4) хлорлы әк ерітіндісінің жұмыс ерітіндісін дайындайды: 

  • 0,1 % - 100 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,9 л суға;

  • 0,2 % - 200 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,8 л суға; 

  • 0,5 % - 500 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,5 л суға; 

  • 1 % - 1 л 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9 л суға; 

  • 2 % - 2 л 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 8 л суға.

Хлорамин ерітіндісін дайындау техникасы
Хлорамин ерітіндісін қолданар алдында дайындалады: 

  • 0,1% - 1 г хлорамин 999 мл суға;

  • 0,2% - 2 г хлорамин 998 мл суға;

  • 0,5% - 5 г хлорамин 995 мл суға;

  • 1% - 10 г хлорамин 990 мл суға;

  • 2% - 20 г хлорамин 980 мл суға;

  • 3% - 30 г хлорамин 970 мл суға;

  • 5% - 50 г хлорамин 950 мл суға.

Гипохлорит кальций ерітіндісін дайындау техникасы
Гипохлорит кальций хлор әгімен салыстырғанда тасымалдауға және ұзақ мерзімге сақтауға ыңғайлы, суды залалсыздандыру, ағарту, су қоймаларын дезинфекциялау және зарарсыздандыру және т.б. мақсатта қолданады.
Негізгі ақ түсті гипохлорид кальцийдің 5% ерітіндісі 10 л суға 500 г гипохлорид кальций ұнтағын қосып 30-45 минутқа қара түсті шыны немесе тығындысы бар пластмасс ыдыста дайындалады, дайындалғаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға жарамды. Арнайы маркасы бар ыдыста дайындалған күні көрсетілгеннен бастап 10 күнге жарамды. 5 % гипохлорид кальций ерітіндісінен жасалған дезинфекциялық ерітінділер: 

  • 0,5% гипохлорид кальций ерітіндісі - 5% ерітіндіден 500 мл ерітіндіні 10 л суға; 

  • 1% гипохлорид кальций ерітіндісі - 10 л суға 1 л ерітінді; 

  • 3% гипохлорид кальций ерітіндісі - 10 л суға 3 л ерітінді. 

Бұл ерітінділер қолданардың алдында дайындалып, күнделікті ауыстырылып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет