Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау



бет79/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

Диагностика критерилері:
1. Сынған жердің ауыруы, көкіректі күшейте қозғалтқанда ауырсыну күшеюі.
2. Тұншығу сезімі.
3. Төс арты ауыруы.
4. Жүрек жарақаты қосарласқанда тұрақты артериялық гипотензия.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қарау арқылы зақымданған аймақтың жəне жармалық ойық үстінде ретростернальдық гематома) қанталағанын анықтау.
2. Пальпациялап тексергенде сынған жердің ауыратыны жəне сынықтардың тепкішек тəрізденіп ығысқаны анықталады.
3. Жүрек жарақаты бар-жоғын анықтау үшін ЭКГ зерттеу жүргізу керек.

Қабыртқалар сынуы (S 22.3, S 22.4)


Диагностика критерилері:
1. Дем алу кезінде жəне көкіректің қимыл ауқымын көбейткенде ауырсыну сезімі күшейіп кету (жөтелу, түшкіру, т.б. пайда болуы).
2. Зақымданған жақта тыныс экскурсиясының шектелуі.
3. Көкірек контурының деформациялануы.
4. «Қабыртқалық қақпақшалардың» парадоксальды қозғалуы.
5. Пальпациялағанда ауырсыну сезіну.
6. Көкіректің зақымданбаған жерінен алдынан артқа немесе екі бүйірден қысқанда сынған аймақта ауыру сезімнің күшеюі/
7. Тыныс алу кезінде сынған аймақта пальпация немесе аускультация арқылы анықталатын сүйек крепитациясы.
8. Плевра қуысында ауа немесе қан барын перкуссия арқылы анықтау.
9. Зақымданған жақтағы өкпенің функциясын аускультациямен анықтау.
10. Тері астының эмфиземасы.
11. Көкірекорта эмфиземасы.
12. Тахипноэ, үстіртін дем алу.
13. Тахикардия жəне АҚ төмендеуі.
14. Тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы.

Көкіректің ашық жарақаты (S21)

Жедел жəрдем көрсету тактикасы:
1. Асептикалы таңғыш салу.
2. Аашық пневмоторакста герметизациялайтын таңғыш салу.
3. Кеуде қабырғасында көлемді ақау анықталса жарақатты стерильді орамалмен жауып, циркулярлы таңғышпен фиксациялау.
4. Қақпақшалы кернеулі пневмоторакс болған жағдайда бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 2-3-ші қабыртқа аралыққа Дюфо тəсілімен 3-4 ине немесе троакар енгізу арқылы плевра қуысын дренаждау; түтіктің немесе иненің бос ұшына резеңке қақпақша бекітіледі.
5.Үлкен гемоторакс анықталғанда артқы қолтықасты сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралықтан плевра қуысын дренаждау.
6. АҚК толтыру мақсатында кристаллойдты коллойдты ерітіндіні тамыр ішіне құяды, егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы 300-500 мл/мин құрауы керек; шоктың І-ІІ дəрежесінде 800-1000 дейін полиионды ерітіндіні тамыр ішіне құяды; қанайналымның айқын бұзылысы кезінде декстран немесе гидроксоэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерде АҚ 90/100 мл с.б. тұрақтанғанша тамыр ішіне құю керек.
7. Гемодинамиканың төмен көрсеткішінде регидратацияға қарамастан уақыт ұту үшін жəне стационарға жету жолында жүрегі тоқтап қалуының алдын алу үшін вазопрессорлық жəне глюкокортикоидтық препараттарды құяды: допамин 200 мг 400 мл плазмаалмастырғы ерітіндіге қосып венаға құяды, мол тамшымен преднизон 300 мг венаға құяды.
8. Психомоторлы қозу кезінде седативті препраттар енгізу.
9. Ауырсыну реакциясын басу үшін жəне қақырықтың шығуын жақсарту үшін: 2 мл 0,005% фентанил ерітдісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндімен бірге.
10. Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекпен дем алдыру.
11. Көкірекорта эмфизема өрістеуінде алдынғы көкірекортаны дренаждау.
12. Шокпен күресуде жəне тыныс бұзылысында Вишневский əдісімен зақымданған жаққа вагосимпатикалық блокада жасау.
13. Жіті тыныстық жеткіліксіздік үдегенде ӨЖЖ жəне кеңірдек интубациясы.
14. Қанайналымның тиімділігі тоқтағанда − ресусситациялық шаралар.
15. Зардап шегушіні 30°-қа бас жағы көтеріңкі жағдайда немесе жартылай отырған қалыпта жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет