Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы
Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі - ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі - ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Топпен жұмыс
№1. Диалогтік оқыту формалары №2. Сұрақтың түрлері №3. Диалогтің бес үлгісі
Диалогтік оқытуды ұйымдастырудың қандай формалары бар?
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫ:
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
Интерактивті оқыту
Рольдік ойындар
Сұрақтардың түрлері
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және баланың жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге өз ойларын анық білдіруге , өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, мысалы: Сіз мысал келтіре аласыз ба?
Қайта бағыттау: сұрақты басқа балаларға қайта бағыттау, мысалы: Көмектесе алатындар бар ма?
Диалогтің 5 үлгісі Александер (2001,2008)
Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау)
Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру)
Нұсқаулық/мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру)
Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселерді шешу мақсатында ой бөлісу)
Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды “жеткізуді ” тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудын жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу)