Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту



Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#122804
Байланысты:
10 апта СТО Аяп Зухра

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы

Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі - ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі - ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Топпен жұмыс

  • №1. Диалогтік оқыту формалары №2. Сұрақтың түрлері №3. Диалогтің бес үлгісі

Диалогтік оқытуды ұйымдастырудың қандай формалары бар?

  • ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ ФОРМАЛАРЫ:
  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Интерактивті оқыту
  • Рольдік ойындар

Сұрақтардың түрлері

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және баланың жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге өз ойларын анық білдіруге , өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, мысалы: Сіз мысал келтіре аласыз ба?

Қайта бағыттау: сұрақты басқа балаларға қайта бағыттау, мысалы: Көмектесе алатындар бар ма?

Диалогтің 5 үлгісі Александер (2001,2008)

  • Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау)
  • Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру)
  • Нұсқаулық/мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру)
  • Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселерді шешу мақсатында ой бөлісу)
  • Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды “жеткізуді ” тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудын жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу)

Диалогтік оқыту қолданылады:

  • Топтық жұмыста
  • Әңгімені жоспарлауда
  • Жаңа сабақты талқылауда
  • Жұппен жұмыста
  • Өтілген материалды қайталауда
  • Ашық сұраққа жауап алуда

Күтілетін нәтиже

  • барлық балалар сабаққа белсене қатысады;
  • барлық балалар өздерін еркін сезінеді;
  • олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;
  • жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;
  • сабақ бала үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;
  • ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет