Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамыту
Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес,оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды.Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырады,өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады деп атап көрсеткен. Әңгімелесудің 3 түрі бар:
1. Зерттеушілік әңгіме
2. Әңгіме-дебат (пікірталастық әңгіме)
3.Топтық әңгіме
Іс – тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы деп шештім. Әңгімелесу – мұғалімге оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады деп,олардың түрлерін атап көрсеткен. Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ – жауап,рөлдік,тапсырманы орындату , жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
Мен мектептегі тәжірибемде үнемі сабағымда диалогтық оқыту әдісін пайдаланамын. Менің сыныбым 2 сынып болғандықтан оқушыларды рөлге бөлу әдісін қолданып отырдым. Оның тиімділігі мәтінмен жұмыстанғанда бірнеше оқушылар қамтылады ,өз бетімен оқып түсінеді ,бір-бірін қадағалап отырады.
Мәтін бойынша әрқайсысы жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар дайындап, қалаған оқушыға сұрақ қойды.
- Оқушы сұрақ берген кезде өзі сол сұраққа жауап беретіндей болу;
-Сұрақ түрін айыра білу;
-Жоғары мәртебелі сұрақ қою;
-Мәтінен ауытқымай сұрақ қою;
Топтық әңгіме барысында байқағаным топ мүшелері бір-бірін тыңдап, ортақ шешімге келіп отырады.
Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды роль атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті.
Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Ал Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. \Мұғалімге арналған нұсқаулық,38 бет.\
Тіл оқытуда және үйретуде диалогтың маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандай диалог ұғымының өзі осы тілді оқытудың сара жолы екенін көрсетіп тұрғандай.
Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып жалпы байқағаным; бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім; бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса,ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі .
Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:
-Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;
- Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды;
-Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді;
-Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді;
- Ойынын жинақтауға көмек берді;
Жыл соңында білім сапасы 76-ға жетті.Оқи білмейтін оқушы жоқ.
Қорытындылай келе тәжірибиемде оқушылардың сөздік қоры молайып,қабілеті төмен оқушы саны азайды, ойларын еркін ,өз сөзімен жеткізуге үйренді,бір-біріне сұрақ қойған кезде ойланып жоғары мәртебелі сұрақтың маңыздылығын түсінді ,тақырып бойынша бір-бірімен пікір таластырып отырды,сабағымда «оқушы-оқушыға» сұрақ беру әдісін жиі қолданып отырдым.
Сөз соңында айтарым; бұл Кембридждік оқыту технологиясы білім саласында жүргізілетін жаңа реформаның бастамасы болғандықтан, күтілетін нәтижесі де зор. Сондықтан облысымыздың әр аймағындағы педагогтар қауымы осы 7 модульді терең игеріп, оқу үдерісіндегі сабақ беру әдістемесіне үлкен өзгерістер енгізе отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға,әр оқушының сабақ үстінде өзін және өзгенің әрекетін бағалап, топпен жұмыс жасап,өмірлік қажеттіліктерін шеше білуге үйретулері керек деп ойлаймын.
Бүгінгі жас ұрпақты елдің экононмикасын өркендететін,білім алуда өз бетінше әрекет ете алатын, қоршаған және өз ортасын құрметтейтін тұлға етіп қалыптасыру болашақтың талабы болып отыр. Сондықтан да білім берудегі бүгінгі бетбұрыстың үлкен мәні бар. Олай болса, жаңарған Қазақстанға–жаңаша білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы мен қызығы мол жұмыста барша қазақстандық ұстаздарға табыстар тілеймін!
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Педагогика мәселелері»- ғылыми –теориялық журнал 1-4\2007
Жаңа жоба –жаңашылдық бастауы- Алматы 2012 жыл
Ел-назар – Республикалық журнал № 05(08) мамыр 2012 жыл 21 –бет
Мұғалімге арналған нұсқаулық Астана 2012 жыл
Іс –тәжірибеде оқытуды басқару мен көшбасшылық – тренердің жазбалары 1- басылым, 13.12.2011 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |