Диазоқосылыстар-көміртегінің бір атомымен юайланысқан екі азот атомынан тұратын топтамасы бар органик.
Азоқосылыстар - екі көміртек радикалдарымен байланысқан азотобы бар органикалық қосылыстар; бояғыштар, қышқылдық-негіздік индикаторлар ретінде және тағы басқа қолданылады. Радикалдары көбіне ароматты, кейде алифаттық, тіпті аралас та болып келеді. Бұлардың ішіндегі маңыздысы ароматты азоқосылыстар (мысалы: азобензол) болып саналады. Азоқосылыстар спиртте, бензолда, ал құрамында карбоксил және сульфотоптары бар азоқосылыстар суда да ериді. Олар нитроқосылыстарды қалпына келтіру арқылы, сондай-ақ диазоқосылыстардан, тағы басқа әртүрлі жолдармен алынады. Көптеген ароматты азоқосылыстар тоқыма материалдарды, теріні, қағазды, былғарыны, пластмассаларды жақсы бояйды, сондықтан олар өте маңызды синтетик. бояулар — азобояғыштар тобын түзед
Диазоний тұздарының құрылымы мынадай:
Өзінің сипаты бойынша олар аммоний тұздарына ұқсас.NH4+ +CL-
Ar-N=N-OH қосылыстар диазогидраттар деп аталады.
Оларға амфотерлік қасиеттер тән және сілтілердің әрекет етумен диазотаттар Ar-N=N-OK, ал қышқылдардың әсерінен диазоний тұздарын түзеді. Диазоний тұздары ең маңызды қосылыстар болып табылады.
Аминдерден диазоқосылыстардың түзілу реакциясын диазоттау деп атайды. Диазоттау амин тұдарының тұздағы ерітіндісіне, артығымен алынған минералдық қышқылдың қатысуымен, өз тұздарынан алынатына азотты қышқылмеи әрекет ету арқылы өткізіледі.
Реакция былай жүреді:
C6H5NH2+2HCL+NaNO2→[C6H5N2]+CL-+NaCL+2H2O
Қышқылдың артық мөлшері диазоний тұздарын тұрақтандыру үшін қажет. Ол жоқ болса қосалқы реакциялар орын алады.Осындай жолмен диазоний тұздарының судағы ерітінділерін алады. Әдетте бұл тұздар суда жақсы ериді, электр тогын жақсы өткізеді.Аминдерден диазоқосылыстардың түзілуін келесі жолмен көрсетуге болады. Қышқылды ортада азотты қышқыл бірнеше диазотоптағыш агенттерді береді.
HNO2+H+←→H2NO2+
HNO2+H+=NO++H2O
HNO2+H+CL-=NOCL+H2O Олардың әрқайсысының реакциядағы ролі қышқылдың концентрациясына және аминнің негізділігіне тәуелді. Олардың барлығы да аминдермен әрекеттесіп нитрозоаминдерді түзеді, бірақ нитрозоаминдер қышқылдық ортада қайтадан диазовий тұздарына айналады
C10H5-NH2+NO++H2O→C10H5-NH-N=O+H3O+
Диазоний тұздарының ерітінділерін сілтілегенде диазогидраттар түзіледі. Бірақ олар бос күйінде бөлініп алынбайды. Себебі, олар амфотерлік қосылыстар есебінде сілтілермен бірден реакцияға түсіп, диазотаттар түзеді.
Ar-N=N-OH+NaOH→[ Ar-N=N-O]-Na++H2O натрий диазотаттары
Достарыңызбен бөлісу: |