Практикасы: «БАҒА БЕРУ» (сен қалай ойласың? Не істер едің? )
|
Сұраққа жауап бере отырып түсіндір:
Сен қалай ойлайсың ? Математика бізге керек бе?
Жауабы:
Менің ойымша -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
|
Сыныбы: 5
Пәні: Математика Пән мұғалім: Дибилова Райла Суюновна
Тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу.
Сабақтың мақсаты: Өзара кері сандар туралы мәлімет алады. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлуді үйренеді. Жай бөлшектерге амалдар қолдану туралы білімдерін толықтырады.
Міндеттері:
Есеп шығару дағдысы қалыптасады.
Ойлау қабілеті артады, жаңа білімді игере алады.
Бірлесіп жұмыс істейді, пікірлеседі, ортақ пікір шығара алады, тыңдайды, бағалайды.
Бағалау
Өз ойларын айту арқылы.
Ережені айту, өз ойларын қорғау. Есептер шығару арқылы
Байқау бақылау арқылы
Стратегиялар: «Ассоциация», «Семантикалық карта», «Араласқан есептар»
Құрал – жабдық: ақ бет, дәптер, қалам, маркер
Көрнекілік: Слайдтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сергіту сәті.
А) Үй тапсырмасын сұрау. №1092 №1093
І. Қызығушылықты ояту
«Ассоциация» стратегиясы арқылы әр топ берілген тақырыптарды ашып, қорғайды.
Жай бөлшектерді қосу, мысал келтіру.
Жай бөлшектерді азайту, мысал келтіру.
Жай бөлшектерді көбейту, мысал келтіру.
Жай бөлшекке қолданылатын амалдар түрлері тақырыптары бойынша әр топ өз білгендерін жазып шығып, қорғайды.
ІІ. Мағынаны ашу.
Орыстың ұлы математигі Л.Ф. Магницкийдің:
Бүтінге келсең жұлынып,
Алдыңа еш жан салмасаң,
Бөлшекке келсең бұғылып,
Жауабын таба алмасаң,
Есепке мықты демелік,
Бөлшекке көңіл бөлейік! –деген сөзімен жаңа сабағымызды бастаймыз.
Көбейтіндісінің мәні 1-ге тең екі сан өзара кері сандар деп аталады.
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек
«Білу тапсырмалары»
1. Жай бөлшектерді көбейту ережесін есіңе түсір.
2. Оқулықтан жай бөлшектерді бөлу ережесін тауып оқы.
3. Мысалға назар аударып, тұжырым жаса.
4. Мысалға назар аударып, тұжырым жаса.
5. Натурал санды жай бөлшекке бөлу мысалына назар аудар тұжырым жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |