Дыбысты қою бойынша жұмыс.
Дыбысты қоюдың негізгі тәсілдері келесілер:
Еліктеу бойынша-есту бейне, артикуляцияны көріп қабылдауға сүйену бойынша. Бұл балаларда еліктеу жеткілікті дамығандығымен байланысты. Алайда еліктеу арқылы дыбыс жоқ болған кезде қою сирек кездеседі.
Қосымша құралдарды пайдалану арқылы қоюдың механикалық тәсілі. (шпатель, зонд). Механикалық көмек арқылы артикуляциялық мүшелерге белгілі қалып сақталады. Мысалы, «с» дыбысын ерін-тістік айту кезінде төменгші ерінді саусақтың көмегімен төмен қарай итереді.
Механикалық көмексіз дұрыс айтылатын басқа дыбыстардан қою. Мысалы, «с» дыбысын «и» дыбысынан қоюға болады. «И» дыбысын айтып, тілдің арқасына үру ұсынылады.
Артикуляциялық қалып арқылы дыбысты қою. Мысалы, «ш» дыбысын «кесе» жаттығуынан қоюға болады. Балаға ауыздан тілін шығарып, «кесе» жаттығуын жасап, кейін оны ауыздың ішіне кіргізіп тілін үруді ұсынады.
Түрлі тәсілдер қолданылатын дыбысты қоюдың аралас тәсілі.
Дыбысты машықтандыру кезеңі.
Мақсаты: _ дыбысын буынға, сөзге, сөйлемге, байланыстырып сөйлеу тіліне енгізу. Дұрыс және дұрыс емес артикуляциялық қалыпты ажырату біліктілігін дамыту. Дыбысты сөзден бөлу, оның орның анықтау қабілеттілігін арттыру. Сөздің дыбыстық құрамын тез және нақты анықтау біліктілігін жетілдіру. Сөз қорын молайту, оны жүйелендіру, сөйлеу тілдің грамматикалық қатарын қалыптастыру. Сөйлеу тілінің просодикалық жағымен жұмыс.
Физиологиялық тұрғыдан дыбысты машықтандыру кезеңі шартты-рефлекторлық сөйлеу қимыл-қозғалыстың байланыстарды түрлі сөйлеу тілдік материал негізінде бекітуді анықтайды. Қойылған дыбыс әлі әлсіз, шартты-рефлекторлық байланысты бекітусіз тез бұзылуы мүмкін. Дыбысты машықтандыру дегеніміз оны буынға, сөзге, сөйлемге, байланыстырып сөйлеу тіліне енгізу болып табылады. Дыбысты айтуында кемшіліктері бар балаларда сөздерді, сөйлемдерді қате айту стереотиптері бекітілген. Дыбысты машықтандыру дұрыс және дұрыс емес артикуляциялық қалыпты ажырату біліктілігін қажет етеді. Ол жеңілден күрделіге, қарапайымнан күрделіге принціпі бойынша жүзеге асырылады.
Алдымен, дыбысты буынға қосу бойынша жұмыс жүргізіледі. Буын-ең қарапайым сөйлеу тіл бірлігі. Сонымен қатар буындардың мағынасы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |