Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде Дидактика туралы жалпы түсінік


Оқудың теориялық - əдіснамалық негізі - материалистік таным теориясы (гносеология)



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі18,62 Kb.
#185940
1   2   3
Байланысты:
3-4 лекц 2

Оқудың теориялық - əдіснамалық негізі - материалистік таным теориясы (гносеология). Бұл теорияға орай əлем шынайы, адам санасынан тыс жасайды, бірақ оны танып білуге болады. Таным - бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ой жəне көңіл-күй іс-əрекеттері мен олардың нəтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі. Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады. таным –бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді.
. Есте болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі; - оқушыларға белгісіз мəліметтерді бұрынғы белгілілерімен логикалы ұштастыру: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында логикалы байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды. - Есте болсын, оқудағы басты нəрсе –оқытылып жатқан пəн емес, ол мұғалім тəрбиесімен қалыптасып жатқан тұлға. Тұлғаны қалыптастыратын пəн емес, пəнді оқытумен байланысқан мұғалімнің өз əрекет-қимылы. - оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындағы айырмашылықтарды тауып жəне оларды түсіндіруді талап ететін жағдайлар жасау; - егер əр ереже тиімді сандағы мысалдармен қамтамасыз етілсе жəне сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады. - игеріліп жатқан материалдардағы басты жəне екінші дəрежелі ақпараттарды табуға жəне ажыратуға үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет