Дидактика



Дата08.02.2022
өлшемі147,93 Kb.
#118316
түріСабақ
Байланысты:
1 тапсырма

Дидактика


Дидактика- (didaktikas-оқытушы, didasko-оқушы) сөзі, грек тілінен аударғанда “оқыту” немесе “үйрету” деген мағынаны білдіреді.
Ғылымға бұл ұғымды алғаш енгізген неміс педагогі-Вольфганг Ратке. Ал Ян Амос Коменский 1657 жылы осы ұғыды пайдалана отырып “Ұлы дидактика” еңбегін жазды. Оның ойынша, дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту” керек деген сұрақтарға жауап береді.
Сонымен, дидактика “кімді, қашан, қайда, неге оқыту” сұрақтарына жауап іздейді.
Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни студенттердің білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін оқытушы ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика – теориялық және сонымен қатар нормативті – қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми – теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-қолданбалы, конструктивті – технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика – бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.

Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары):

  • Сабақ беру (преподавание)
  • Оқу 
  • Оқыту
  • Білім беру
  • Іскерлік
  • оқытудың мақсаты
  • мазмұны
  • Түрлері
  • Формалары
  • Әдістері
  • Құралдары
  • нәтижесі.

Сабақ беру (преподавание) – оқыту мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін оқытушыдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу - процесс, оның барысында студентда тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады. Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған оқытушы мен студенттердің тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады. Білім беру – студенттің оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.3. Оқыту процесіне педагогикадан тыс (қоғамдық жағдайлар) және педагогика ішкілік (сыныптың құрамы, оқу материалының ерекшелігі) сияқты көптеген факторлардың әсер етуі дидактикада статистикалық заңдардың көп болуын шарттандырады, яғни берілген жағдайларда оқыту процесінде өзгерістердің қандайда бір болымын болжайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет