Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру



Дата01.05.2017
өлшемі79,04 Kb.
#15345
Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын

арттыру
Мақсаты:Дидактикалық ойындар арқылы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады,заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың ойлауын,қиялын,сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе,ал екіншісі ойлау қабілетін,үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып,отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.Олай болса,ойын түрлері оқушылардың фонетиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады.
Қызығу деп біз бір нәрсеге асыра, артығырақ зейін аударуға бағытталған қатынасты айтамыз немесе бір нәрсемен танысуға, соны зерттеуге, қабылдауға құмарту. Қызығу - адамның білімге құмарту сезімін тудыратын, білім қорын өсіретін, психикалық тіршіліктің мазмұнын байытатын қозғаушы күш.Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, көрнекілікпен бірге әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Бастауыш сыныптардың қазақ тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. 
Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мен оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Себебі ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып,қана қоймай ойлау қабілетін арттырады және үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын да молайтып, сауатты жазуға да баулиды. 
Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойынды бір жүйеде оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргіземін.

Оқу процесінің жеделдеуіне байланысты қазақ тілі пәнін заман талабына сай, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып тұр. Қазақ тілін пәнін оқытуда дидактикалық ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Қазіргі сабақтың түрлері мен өткізу әдістері туралы көптеген педагог-ғалымдар жылдар бойы ізденіс жасап, ұтымды пікірлер айтып келеді.Бұндай ұтымды пікірлер өмірде тек сабақ берудегі практикада өзінің ұтымды қолдауын табатыны анық.Оқушыларды пәнге қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, оны бірте-бірте тұрақтандырып қалыптастыру қажет. Оқу жоспары мен бағдарламасы, оқулық пен көрнекілік құралдар, мұғалімдердің дидактикалық жағынан тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін арттыру. Қазаақ тіл пәнін оқытудың сапасын жетілдіретін басты белгілері деп білеміз.Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы қазақ тілін пәнін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Ол жақсы ұйымдастырылған оқытушы мен оқушы арасындағы қызметінен көрінеді.

Қазақ тілін пәнін оқыту барысында тақырыптың мазмұнына сай білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілін қолдану ерекшелігін меңгеріп,оны өзінің әр сабағының, әр бөліміне ұтымды пайдалана білуі. Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, қазақ тілі оқыту әдістерінің түрлерін топтастыруғада болады 
Бұл әдістерді атап айтатын болсам

Бұларды бір бірінен жеке бөліп алу өте қиын.


Іс жүзінде осы жоғарыда аталған әдістің түрлерін кеңінен қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім беруге болатынын өзімнің сабақ беру практикамда дәлелдеп шешейін.
Мысал. 1 «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны.
Ойынның мақсаты;Оқушылар дауысты,дауыссыз,жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.
2 «Ойлан тап» ойыны.
Ойынның мақсаты; Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.
3 «Сөзді тап» ойыны.
Ойынның мақсаты, Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру,олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
Қ Қ
К К
К К
К К
(Жауабы; қызық,қазақ,қалақ,қырық,кесек,кезек,,кебек)
Қай сабақ болмасын, оқушыларды ізденіске шығармашылыққа баулуы керек. Бүгінгі күн талабы да біз мұғалімдерден осыны талап етуде. Оны жүзеге асырудың бірден-бір жолы – сабақ процесінде дидактикалық ойын түрлерін көрнекіліктер арқылы тиімді пайдалану. Сабақты дидактикалық ойындар арқылы көрнекіліктермен тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштатастырып, ой-өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді 
Мысал;
1 «Ұйқасын тап»
2 Анаграмма.
3 Ребус шешу.
Қазақ тілі пәні мұғалімнің іс-тәжірибесінің молдығы, шығармашылықпен жұмыс істеуі келешек ұрпағымыздың сауатты, білімді, жан-жақты саналы азамат болып өсуіне ықпалын тигізбек. Яғни, сабақтың білімдік мазмұны мен тәрбиелік мәнін бірлікте қарау ұстаздың негізгі мақсаты. Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының қазақ тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде мәдениетті мәнерлеп сөйлеп үйренуге, тілді білуге қызығушылығын оятады.. Оқушылар білімді ойын арқылы да алады. Сабақта ойын арқылы білімін шыңдап,ой-өрісін кеңейте алады. Оқушының жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа қызығушылақтарын арттырады. Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан – алуан. . Бастауыш сыныпта заттың түріне қызығушылық басым болады. Сондықтан олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек. Орта буындағы оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін шығармашылық түрінде ұйымдастыру пайдалы. Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні зор тәсілдерге жатады. Ойын барысында оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын қалыптастырады. 
Өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, сабағымда әр түрлі педагогикалық технологияларды басшылыққа алып келемін.. Жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып оқушылардың ойлана білу қабілеттерін дамытып,, олардың білім сапасын жақсарттым.Сонымен қатар ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерінде жетілдіріп отырмын. Тілді үйренуге ойын арқылы қызықтырып, өмірмен байланыстыра отырған ұтымды. Сабақ өткізу барысында түрлі ойын түрлерін қолданамын. Оларды жаңа сөздерді игеруде , өткен сабақты қайталауда, жаңа тақырыпта да лайықты қолдануға болады.. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа иновация болып табылады.Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды зор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі — ойын.Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. . Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Дидактикалық ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқып үйрету барысында дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.... 
Ойын элементтерін тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
Сөзімді қорыта келе, оқушылдардың қызығушылықтарын әр түрлі тәсілдермен арттыра түсіп, сол алған білімді сапалы игеріп, оны күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдалануға үйрету және ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылық дағдыларын жетілуіне жол ашады.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет