Дидактикалық тірек материалдарының ролі



бет8/12
Дата26.08.2022
өлшемі207 Kb.
#148261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дидактикалық тірек материалдарының ролі

5-ші кезең

-Химиялық элементтер түзетін қосылыстардың көп түрлілігі, олардың құрылысы мен қасиеттерінің, қасиеттері мен қолданылуының арасындағы себеп-салдар байланыстары, элементтер қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінде сананың сапаға ауысуы нақтылы мысалдармен көрсетіледі.
-Химиялық эксперименттің танымдық мәні күшейеді. Эксперименттің алуан түрлері , жеке тәжірибелер оқушылардың өздері жасаған жорамалдарын сынау үшін қойылады.
- Периодтық заң және периодтық жүйе өтілгеннен кейін элементтерді және олардың қосылыстарын оқып, үйренудің жоспары өзгереді. Элементтің периодтық жүйедегі орнын сипаттау: химиялық таңбасы, салысттырмалы атомдық массасы, рет нөмірі, периоды, тобы және топшасы.
- Атомының құрылысы: сызба нұсқа сызу, атом құрылысының электрондық және графикалық формулаларын жазу. Элемент атомының тотығу дәрежелерін анықтау.
- Элементтің ашылу тарихы
- Элемент түзетін жай затының құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы, табиғатта кездесуі.
- Элемент түзетін химиялық қосылыстардың құрамы, түрлері, қасиетері, қолданылуы.Элементтің табиғатта таралуы.

Бұл жоспар элементтерді топшалары бойынша оқып, үйренгенде қолданылады.Оқушылардың осы білетіндеріне қосымша оттегі жай затының молекуласы оттегі элементінің екі атомынан түзілетіні, элементтің химиялық таңбасы, салыстырмалы атомдық массасы, қосылыстардағы валенттілігі, табиғатта таралуы түсіндіріледі. Ауаның, судың жер қыртысының құрамында, тірі организмдердің денесінде болатыны айтылады, күрделі заттар аралығында алынатыны, тотығу реакциясына қатысып, оксидтер түзетіні талданады. Қасиетіне қарай жасанды тыныс алатын жерлерде (ғарышта, су астында, медицинада), жануды күшейтуді қажет ететін өнеркәсіпте (металлургияда, химия заводтарында), пиротехникада қолданылуы сызбанұсқа түрінде көрсетіледі.
Химиялық элементтердің жеке топтарын, топшаларын, сутекті және оттекті қосылыстарын еткенде үш теорияның тұрғысынан алған білім жеке қосылысты сипаттау үшін пайдаланылады. Оның жалпы, жеке қүрылысына байланысты ерекше қасиеттеріне назар аударылады. Осының бір мысалы кремнийдің (IV) оксиді мен қышқылын көміртегі (IV) оксиді және қышқылымен салыстырғанда келтірілді. Егер бейорганикалық қосылыстар кластары туралы ұғым қалыптасуының бірінші кезеңінде азот қышқылынан сутегі бөлінбейді делінсе, енді оның себебі түсіндіріледі. Азот қышқылының алты түрлі тотықсыздану өнімдері болатыны жөнінде ұғым қалыптастырылады.
Есте болатын нәрсе, бейорганикалық қосылыстардың, қай класын алсақ та, барлық жеке өкілдерін тегіс қамтитын жалпы қасиеттер өте аз. Қосылыстардың белгілі бір тобына ғана тиесілі қасиеттің ауқымын кеңейтуден аулақ болған дұрыс. Оқушы біліміндегі формализмнің түпкілікті себебі осыдан және дара ерекшеліктерді ұмытудан туындайтынын әрдайым есте ұстау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет