13-сызбанұсқа. Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Индикаторлар
Қышқылдар
Металдар
Негіздік оксидтер
Еритін негіздер
Ерімейтін негіздер
Сызбанұсқаның әр бөлігіне сәйкес реакция теңдеулерін жазатын жаттығулар орындалады. Азот қышқылы ның металдармен әрекеттесуінің ерекшёліктерін көрсететін тәжірибелер жасалады, олардан шығатын корытынды:
а) азот қышқылы активтік қатарда сутегіне дейік және сутегінен кейін орналасқан металдармен әрекеттеседі;
ә) азот қышқылы металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді.
Негіздер туралы оқушылардың алған білімін бір жүйеге келтіру үшін әңгімелесу өткізіледі, Негіздердің құрамы, жіктелуі және қасиеттері жөніндегі білімді еске түсіретін сурақтар қойылады. Негіздердің физикалық қасиеттеріне қарай еритін және ерімейтін деп жіктелуі сызбанұсқа түрінде жазылады. Өздеріне белгілі негіздердің формулаларын оқушылар жіктелуі бойынша сыз-банұсқаға жазады. Құрамына ауыспалы валенттілігі бар металдар кіретін негіздердің аталуын нақтылайды. Еритін негіздердің (сілтілердің) қасиеттерін зерттейтін зертханалық тәжірибелер жасалады:
1) сілтінің индикаторларға әсері;
2) фенолфталеинмен боялған сілтінің қышқылға әсері;
3) сілтінің қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі.
14- с ы з б а н у с қ а. Негіздердің химиялық қасиеттері.
Индикаторлар
Еритін қышқылдар
Еритін
негіздер
Ерімейтін қышқылдар
Ерімейтін
негіздер
Қышқылдық оксид
Қыздыру
Ерімейтін негіздердің қасиеттерін мұғалім тәжірибе жасап көрсетеді. Құрғак мыс (II) гидроксидіне су және фенолфталеин қосқанда түсі өзгермейді. Күкірт қышқылын құйғанда ұнтақ еріп кегілдір ерітінді түзіледі. Ішін-де мыс (II) гидроксиді және натрий гидроксиді бар екі пробирканы бір мезгілде қыздырғанда бірінші пробиркада мыс гидроксиді айрылып, қара түсті оксид түзіледі, екінші пробиркада өзгеріс байқалмайды. Тәжірибелерден шығатын қорытынды сызбанүсқа (14 сызбанұсқа) түрінде жазылады.
Сызбанұсқадан еритін және еримейтін негіздердің бір ғана ортақ қасиеті бар екені – еритін қышқылдармен әрекеттесетіні көрінеді. Басқа қасиеттері бір-біріне ұқсамайтын айырмашылықтарын көрсетеді.
Бұл тарауда бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы негізгі ұгымдар қалыптасуының бірінші кезеңі қарастырылды. Оның теориялық негізі — атом-молекулалық ілім. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты — оқушыларды периодтық заң және периодтық жүйеге, атом құрылысы туралы теориялық материалды қабылдаура дайындау.
Бір жағынан бұл теориялық материалды өтуге дайындаса, екіншіден өзі сол көзқарастар тұрғысынан қайта қаралып, дамуының екінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде оқушылардың білімі электрондық тұрғыдан кеңейеді. Заттың құрылысы мен қасиеттерінің арасындагы тәуелділік тереңірек түсіндіріледі. Негіздік оксидтер иондық байланысы бар заттар, оксид түзуші элементтің ион заряды да екіден аспайды. Иондық торы болатын бұл оксидтер, сумен, қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттескенде металдың оттегімен химиялық байланысы үзіледі. Қышқылдық оксидтер полюсті ковалентті байланысы бар заттар, оксид түзуші элементтердің тотыру дәрежелері жорары + 4-тен +7-ге дейін жетеді. Бұларда элементтердің оттегімен байланысы берік келеді. Екінші кезеңде қышқылдардары сутегімен қышқыл қалдығы, бейметалмен оттегі арасындары байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тәуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі және иондар арасындары байланыс электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі.
Үшінші кезеңі электролиттік диссоциациялану теориясын өткенде басталады. Оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың құрылысы туралы электрондық түрғыдан алынған мәліметтер олардың суда еріп диссоциациялануын түсіндіру үшін пайдаланылады. Осы теорияның тұрғысынан қышқылдарға, негіздерге және тұздарға. бұрынғыдан гөрі дәлірек жаңа анықтамалар беріледі. Олардың күші, реакцияга түсу мүмкіндігі сандық сипат алады. Ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану және алмасу реакциялары иондық және электрон иондық тұрғыдан түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |