Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


ХҚО-да медициналық құралдарды стерилизацияға дейін тазарту



бет11/39
Дата08.09.2023
өлшемі137,24 Kb.
#180485
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ
2 5249114763505444293
8. ХҚО-да медициналық құралдарды стерилизацияға дейін тазарту.
ІІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу
Залалсыздандыру алдындағы тазарту орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.
Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.
Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, дәке тампондарын, латоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5 % сутегі асқын тотығы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.
2. Жуушы ерітіндіні 20-25 0 С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.
3. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15
минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз. 4. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде (дәке тампонымен) тазартыңыз
(құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).
5. Медицинада тағайындалған құралдарды латокқа салыңыз.
6. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.
7. Азопирам бауқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан сапасына бақылауды жүргізіңіз.
8. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).
9. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).
10. Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз.
11. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.
Азопирам байқауының нәтижесі
Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:
Көк-күлгін түске – егер де заттарда жасырынды қан қалса
Күрең-қоңыр түске – егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса
Қызғылт түске – егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса
Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)
Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);
Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өңдеуге жатады,
жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;
Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда
барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады,ағынды суда шайқау кезеңінен Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.
12. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.
13. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.
14. Ыстық ауа шкафында t -850 С ылғалды толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған
құралдарды кептіріңіз.
ІІІ КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру Мақсаты: науқастарға аурухан ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың
алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.
Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.
1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.
2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз.
Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.
3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.
- автоклавта t -1200 С,+ 20С, 0,1 атм 15 минут; t -1320 С,+ 20С, 2 атм 20 минут;
- ыстық ауа шкафында t -1600 С 150 минут, t -1800 С 60 минут;
4. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң,
оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.
5. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.
6. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз.
Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.
7. Стерилизатордың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет