ДИКТАНТ (бастауыш сыныптар үшін)
Тұмау – жұқпалы ауру. Тұмаумен ауырғанның қызуы көтеріледі, жөтел пайда болып, тамағы, басы аурады.
Ағзасы күшті адам бұл ауруға төтеп бере алады. Денсаулық үшін бой сергіту, шынықтару жасау, пияз, сарымсақ, қызыл күйдіргіш бұрыш, сонымен қатар қырыққабат, қарақат, таңқұрай, лимон, итмұрын, болгар бұрышын жеген өте пайдалы.
Ауырмау үшін, күн бұрын тұмауға қарсы егу алу және мұрынды оксолин майымен жағу керек. Жеке бас гигиенасын сақтаған дұрыс: қолды жиі жуу керек, бір кезекте 2 реттен кем емес сыныпты желдеткен жөн, таза ауада көбірек жүрген дұрыс.
Науқас адамдармен аралас болған жағдайда медициналық бетперде тағу қажет. Әр екі сағат сайын ауыстыру үшін, адамда кем дегенде үш бетперде болуы керек. Бетперделерді күн сайын жуып екі жағынан өтектеу қажет.
Тұмаудың бірінші нышаны пайда болғанда үйде қалып, дәрігер шақырту керек.
ДИКТАНТ (5-8 сынып оқушылары үшін)
Тұмау – ертеден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Жыл сайын күзгі-қысқы мерзімде тұмау жағдайының эпидемиясы басталады. Тұмауды барлық жастағы адамдар қабылдағыш.
Аурудың нышандары: науқас адам басының қатты ауырғаның сезеді, көбінесе маңдай жағы, бүкіл денесі сырқырайды, әсіресе белі мен аяқ балтыры. Сырқаттық және әлсіреген күйге жетеді, бұл науқасты төсек тартуға мәжбүр етеді. Тәбеті бұзылады. Науқас ұйқышыл, кейде ашушан болады. Беті мен көзі қызарады, терісі – сипаған кезде ыстық, біркелкі дымқыл, жиі дене қызуының жоғарылылығы кездеседі.
Тұмаудың басты қауіпі – асқынудың дамуы. Тұмау ауыруының барлық жағдайында адам дәрігерге қаранып, оның барлық тағайындауларын орындауы қажет. Тұмау кезінде өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.
Тұмаудың алдын алу үшін тиісті түрде егу алу керек. Бұқаралық иммундау халықтың жалпы ауырушандығын төмендетеді. Сонымен қатар, иммунитетті көтеру тәсілдеріне дене шынықтару, орынды тұлғалық жүктеме жасау, витаминді препараттарды және өнімдерді (қырыққабат, қарақат, таңқұрай, лимон, итмұрын, болгар бұрышы), сонымен қатар пияз, сарымсақ, көк шай пайдаланған жөн. Жеке бас гигиенасын сақтаған дұрыс: қолды жиі жуу керек, киім мен аяқ киімнің тазалағын бақылау, тұрғын және оқу үй-жайларын үнемі желдеткен, таза ауада көбірек жүрген жақсы.
Ауырмау үшін мұрынды оксолин майымен жағу керек. Науқас адамдармен аралас болған жағдайда медициналық бетперде тағу қажет. Әр екі сағат сайын ауыстыру үшін, адамда кем дегенде үш бетперде болуы керек. Бетперделерді күн сайын жуып екі жағынан өтектеу қажет.
Аурудың алдын алу үшін негізгі шараларды сақтау, сонымен қатар салауатты өмір салтын жүргізу керек, бұл көп жылдарға денсаулық сақтауға мүмкіндік береді.
ДИКТАНТ (9-11 сынып)
Тұмау – ең көп жайылған жұқпалы ауру. Өз өмірінде бір де бір рет тұмаумен ауырмаған адам кездеспес. Тұмау науқас адамнан дені сау адамға, үлкенге болсын, балаға болсын оңай жұғады. Тұмаудың қоздырғышы, әдеттегі микроскоп арқылы үлкейткеннің өзінде көрінбейтін ұсақ микроб-вирус.
Тұмау вирусы, көбінесе мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығында болады, сондықтан түшкірген, жөтелген және сөйлескен кезде сілекей немесе мұрын шырышының тамшыларымен бірге ауаға түседі. Сонымен, тұмауды тек науқас адамнан ғана жұқтырып алуға болады.
Тұмау ауруының нышандары: қызу көтеріледі, жөтел пайда болып, тамақ, бас аурады, балтыр мен буындар сырқырайды, құсып, асқазан бұзылуы мүмкін.
Қалжырау, тамаққа жарымау, салқындау тұмаудың ауыр ағуына әкеледі.
Тұмау ауыруының барлық жағдайында адам дәрігерге қаранып, оның барлық тағайындауларын орындауы қажет. Тұмау кезінде өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.
Науқасты күткен кезде оның шырышын тамшылары дені сау адамның тынысалу жолдарына түспеу үшін бетперде кию керек. Әр екі сағат сайын ауыстыру үшін, адамда кем дегенде үш бетперде болуы керек. Бетперделерді күн сайын жуып екі жағынан өтектеу қажет.
Тұмаудың бұқаралық таралуы кезінде, жұқпа көзімен араласу саның азайту үшін қоғамдық орындарға: кинотеатрларға, концерт залдарына, дүкендерге бармау керек. Қалалық қоғамдық көлікпен белсенді пайдалану мен қонаққа бару ұсынылмайды.
Тұмаудың алдын алу үшін еңбек пен демалыс тәртібін дұрыс сақтау, дене шынықтару, витаминдер және онымен бай өнімдерді (қырыққабат, қарақат, таңқұрай, лимон, итмұрын, болгар бұрышы, пияз, сарымсақ, көк шай) пайдаланған дұрыс. Жеке бас гигиена ережесі туралы ұмытпаған жөн: қолды жиі жуу, үй-жайларды үнемі желдету, киім мен аяқ киімнің тазалағын бақылау. Қол алысқанда, есік тұтқасы, басқа нәрсе арқылы вирустар дені сау адамның қолына жұғады, ал одан мұрнына, көзіне және аузына түседі. Ауырған және науқасты күткен кезде қолды жиі жуу, мұрынды оксолин майымен жағу керек. Алдын алу шараларына егу де жатады. Бұқаралық иммундау халықтың жалпы ауырушандығын төмендетеді. Ұшқыш және көбінесе зұлым ауру – тұмауды жеңу өзімізге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |