Диктанттар жинағы. Қоңыр күз



бет2/3
Дата24.11.2023
өлшемі21,01 Kb.
#193259
1   2   3
Байланысты:
Диктанттар жинағы

Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол ерте кезде өмір сүреді. Қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге, білім алуға шақырады. Халқына еңбекті сүюдің, еңбек ете білудің пайдасын түсіндіреді. Ақын өсекші, өтірікші, жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз шығармаларында мұндай адамдарды қатты сынады. Абай Құнанбаев – ұлы аудармашы болған. Ол барлық адамдарды дос болуға шақырды.
(54 сөз)

Тапсырма: “ақын, адам, дос, халық”- деген сөздерің көптік жалғауларын жазыңдар.

Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының белгілі ағартушы, жаңашыл педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Ол жасынан ынталы, зерек болды. Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды. Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін Орысша - қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Оның өлендерін оқушылар жатқа біледі. Қостанайда Ыбырай Алтынсарин арналып мұражайлар ашылып, ескерткіштер орнатылды. Ол – балалар әдебиетінің атасы.
(53 сөз)

Тапсырма: көптік жалғауды табындар.

Қорқыт.
Қазақ музыкасымен, ән - күймен бірлікте аталатын есімнің бірі - Қорқыт ата. Ол еүллі түркі халықтарына ортақ данышпан адам. Қорқыттың мазары Сырдария бойымен жүріп отырсаңыз, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында тұр. Теміржолмен, басқа көлікпен әрі - бері өткендер ата аруағына сыйынып, ішпей дұға оқиды. Даналығымен ел есінде сақталған қасиетті бабамыздың бойындағы дарыны - кейінгі ұрпақтарына да үлкен өсиет. Ол - өзінің өмірінде халқы үшін жанын аямаған өр тұлға.
(60 сөз)

Тапсырма: “Даналығымен” сөзді сөз құрамына талда.

Алматы көлі.
Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны бөлек. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде әр түрлі болып құлпырайды. Таң атып, күн шыққан кезде, көл жап - жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны “Жасыл көл” деп айтады. Бұдан жүз жыл бұрын осы көлге келген орыстың атақты саяхатшысы - Семенов – Тянь-Шанский оны көріп таң - тамаша болған. Ол бұл көл жайында былай деп жазған: “Жасыл көлдің” ғажап көрінісі еш уақытта менің ойымнан кетпейді”. Алатау өңірінде мұндай көлдер, сұлу жерлер өте көп.
(78 сөз.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет