Өздік жұмысы
Зат есімнің тәуелденуі
I-нұсқа
Оқушы, бала сөздерін тәуелде.
II-нұсқа
Кітапханашы, қақпашы сөздерін тәуелде.
III-нұсқа
Дүкенші, қойшы сөздерін тәуелде.
Диктант
Жазда.
Жазда Жапар лагерьге барды. Лагерьде балалар өте көп. Олар көлге шомылды.Көлде әр түрлі балықтар бар. Орманға барып құлпынай, саңырауқұлақтар тердік.Балалар лагерьде жақсы демалды. 24 сөз.
Тапсырма.
1 Көптік жалғаулары бар сөздерді теріп жаз.
2 Көптік жалғаулары бар сөздерді тасымалда.
Етістік
Көшіру диктанты
Жеңіс туы.
Рақымжан Қошқарбаев тәуекелге бел байлады. Гришаға белгі берді. Арт жақтан біздің артиллерия оқ атты. Мойнын созса, Рейхстаг көрініп тұр. Қанбақтай Гриша Рахымжанның иығына шықты. Олар Рейхстагтың кеудесіне Жеңіс Туын тікті.
Тапсырма: Сөйлемдердің ішінен негізгі және туынды етістікті тап.
(30 сөз)
Диктант.
Тәттіқұмар.
Менің інімнің аты – Сағдат. Ол тәттіні көрсе қыңқылдап жылап сұрай береді. Күндердің бір күнінде апам қонақтан келді. Сосын киімдерін шешіп, жұмыс киімдерін киді. Содан кейін сыртқа шығып кетті. Сағдат тұрды да апамның ілулі тұрған киімінің қалтасын ақтарып қарай бастады. Ақырында бес – алты кәмпитті тауып, жеді де, соңынан тісін ауыртып алды.
(49 сөз)
Диктант.
Көктем келді мінеки.
Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды. Өйткені тырна келген соң жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады.
Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
(56 сөз)
Диктант.
Қамқорлық.
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстар әуеніне толған. Диқан келе жатып жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді, таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: |