Диктанттар жинағы.4 сынып сынып. Әліппе кезеңі



бет9/21
Дата20.09.2023
өлшемі64,76 Kb.
#181728
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
диктанттар жинағы 1-4 сынып-1
Лек 10 Эссе, Лекция 4 .Ғылыми таным, лекция 6, 15 лекция
Грамматикалық тапсырма:
2-ші сөйлемдегі жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.
Көшіру диктанты.
Алғыр тазы.
Иттің бір тұқымы – тазы. Тазы итпен бабаларымыз аң аулаған. Тазы – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ, мысықтан гөрі итті жақсы көрген.
Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен. Ақын, сазгер Ақан серінің де жүйрік тазысы болған. (37сөз)
Диктант.
Аэропорт.
Кішкентай Айгүл демалысқа шыққан әке-шешесімен бірге Алматыға ұшатын болды. Қуанышында шек жоқ. Апасы жол жабдығын әзірлегенше, әкесі екеуі ұшаққа билет алуға кетті. Аэрофлот кассасының алды ығы – жығы кісі. Бірақ кезек тез жылжыды. Кассаға барып билет сатып алды. (38 сөз)
Көшіру диктанты.
Қаздар аспанда тізіліп ұшып барады. Сапар қаздардың ұшқанын қызықтап, қарап тұр. Ол қол бұлғап құстарды шығарып салды.
(17 сөз)
Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Етістік.
Бақылау диктанты.
Көктем.
Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылды. Арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады. Жас шыбықтар бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп, дала түрленді. (27 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
Не істейді? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөзді тап. Астын сыз.
Диктант.
Хрусталь.
Әсем бөлмеде жалғыз болғанымен көңілді еді. Өзімен - өзі болып, әндетіп билеп жүрді. Сонан соң, диванға барып отырды. Анасына көмектескісі келіп кетті. Қолына шүберек алып, серванттың қасына барды. Хрусталь вазаны алып, сүрте бергенде, қолынан түсіп кетіп, сындырып алды.
(37 сөз)


Диктант.
Шар.
Көкесі жұмысын ысырып шар үрлеуге кірісті. Көк шарды үлкен етіп үрледі. Аузын буды. Жіп тақты. Айбек көк шарды ұстап жүгіре жөнелді. Көп кешікпей Сапақ келді. Жүні жығылып қалған. Шар жарылған. Көп кешікпей Айбек келді. (35




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет