Тапсырма: Есептік, реттік сан есімдерді жалғастыр.
Төмендегі цифрмен жазылған есептік сан есімді сөзбен жаз.
217, 105, 86, 128, 1998. Сан есімдерді қатыстырып диолог құр.
Бақылау диктанты. Кәрі әже. Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз болмайды. Оған мектеп балалары келіп тұрады. Әжей балаларға қызық ертегілер айтып береді. Балалар ынтыға тыңдайды. Қыздар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып қояды. Ұл балалар дүкенге барып, азық – түлік әкеледі.
(42 сөз) Грамматикалық тапсырма: 1. Балалар ынтыға тыңдады. Сөйлем мүшесіне талда.
2. Біздің, үйдің, балалар, қыздар сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Диктант. Парашют. Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым. Осы ойымды орындауға тырыстым. Әуелі парашютпен мұнардан секіріп үйрендім.
Содан кейін ұшақтан секіруге талпындым. Бір күні таңертең беліме парашют байлап, ұшаққа міндім. Ұшақ жерден екі километрдей биікке көтерілді. Мен секіруге әзірленіп, ептеп ұшақтың қанатынан төмен қарай секірдім. Аздан кейін бір селоның қасына келіп түстім.
(49 сөз) 4 сынып 3 сыныпты қайталау. Көшіру диктанты. Асау тай. Міне ағам шап беріп,
Қыса түсіп тақымды.
Асау мұны жат көріп,
Көкке шапшып атымды.
Ағамды атып ұрмақ боп,
Мөңкіді – ай кеп жас бейбақ.
Тулап – тулап, тулап кеп,
Қырға қарай қашты ойнап.
Ағама ақыр ол көнді,
Бұрған жаққа басы ауды.
Ағамдай боп мен де енді,
Үйретсем – ау асауды.
Тапсырма: “Мөңкіді” және “Бейбақ” сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Жер – Ана. II. Өзенің мен көліңе,
Күтеді сүйген еліңе
Еңбектенген еріңе
Бас иемін, Жер – Ана!
Толқынданған дәніңе,
Самғаған көкте әніңе.
Бір сөзбен айтсам бәріне
Бас иемін, Жер – Ана.
Тапсырма: Тәуелденген зат есімдердің астын сыз
Жаңылтпаш III. Кінә бар,
Күнә бар,
Күмән бар.
Кінә не,
Күмән не?
Күнәні артады,
Күнәға батады.
Күмән боп жатады.
Кінәлі, күнәлі
Күнәлі күмәнді,
Күмәнді кінәлі.