Қазіргі кезеңдегі ғылымның ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі16,04 Kb.
#86967
Байланысты:
Философия Адилет


Қазіргі кезеңдегі ғылымның ерекшеліктері
Ғылымның бастамасын анықтаудың оңай емес екендігі белгілі, бірақ оның даму тарихын ең алдымен үлкен екі кезеңге бөліп зерттеуді ғалымдардың көпшілігі жақтайды. Ғылым зерттеуші ғалым А.Карноның пікірінше, суы мол, арнасы кең ұзаққа созылған үлкен өзеннің бастауын дәл табу қандай қиын болса, ғылымның қайнар бастауын да дәл көрсету оңай емес. Оның бастамасына ой жүгірткенде, қап-қараңғы, шым-шытырық күңгірт ойларға тап боласың, ақыр-соңында тұрпайы да жабайы түсініктерге келіп тірелесің.
Орыс зерттеушісі В.И.Ильин «Ғылым бастамасы» ұғымының айқынсыздығы мен релятивистігі бұл проблеманың шешімін аса қиынға соқтыратынын атап көрсетеді. Осы қиындықтардың нәтижесі ғылымның бастамасын сыртқы және ішкі деп бөлуге мәжбүр етеді. Сыртқы бастама — ғылымға дейінгі санадан ғылымның белгілі бір түрде құралуының шегі болса, ішкі бастамасы — ғылым тарихының алғашқы ағымын анықтау, содан бастап есептеу. Ғылымның сыртқы бастамасын қарастыру деген сөз, оның алғашқы ғылыми танымдық формалардан қалай шыққанын, қалыптасу динамикасын айқындау болып табылады. Ал ішкі бастамада — тарихи кеңістікте дамыған ғылым белгілерін көрсету.
Екінші бір орыс зерттеушісі Г.И.Рузаңин да ғылымның тууы мен дамуында екі кезеңді атап көрсетеді: бірінші кезеңін оның туу кезеңі немесе бастапқы ғылым кезеңі деп атаса, ал екінші кезеңін шын мәніндегі ғылым немесе дамыған ғылым кезеңі деп атайды. Ғалымдардың әрқайсысы әртүрлі атағанымен, ғылым тарихы үлкен екі кезеңге бөлінетінін бәрі де мойыңдайды.
Ғылымның шығуының танымдық алғышарты біздің заманымызға дейінгі VII—VI ғасырлар аралығында мифтік (аңыз, ертегілік) санадан логосқа (ақыл-ойға) өтудің аяқталуымен байланысты болды. Бұл кезде таяу және Қиыр шығыс елдерінде, антикалық Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адамдар қолданып жүрген логикалық құрылысы қалыптасты. Мифтік-поэтикалық санадан бірте-бірте қол үзіп, ақыр соңында одан арылғаннан кейін рационалдық ой дами бастады. Оған түрлі жағдайлар пәрменді әсерін тигізді: ең алдымен мифтік ойлау «логикасынан» үзілді-кесілді бас тарту себеп болды: мифтік сана затты оның бейнесімен тепе-тең қарастырды, дүниедегінің бәрі біртұтас және бір-біріне айналады деп түсінді. Мифологияда табиғат пен мәдениет, адам мен табиғат бір-бірінен ажыратылмай бір тұтас деп түсінілді, адам өзін табиғаттан бөліп көрсете алмады. Қысқасы, мифологияда адам бейнесі айналадағы табиғат заттары мен құбылыстарға қолданылып, дүниедегінің бәрінің жаны бар деп қарастырылды. Мұндай түсінік ересек адам санасын жас баланың санасына ұқсатады.
Адамның өзін табиғат заттарынан бөлек, ақыл-ой мен сана тек адамға ғана тән деген түсінік көп кейін пайда болды. Қоғам өмірінің алғашқы қауымдық формасының біртіндеп ыдырауына байланысты қоғамдық сананың мифтік түрі де тарихи аренадан кете бастады. Дүниетану процесінде шыңдық дүние құбылыстары мен оқиғаларын табиғи-объективтік тұрғыдан түсінудің басталуына байланысты себеп пен салдардың арақатынасының шындыққа сәйкес ұғымы да қалыптаса бастады. Мифологиялық түсініктен бас тарту шындық дүние рухани емес, сезім мен санадан тәуелсіз заттық объект екенін көрсетті: егер субъективтік және объективтік тепе-тең бір нәрсе болмаса, онда шындық құбылыстарының «негізін» субъектіден іздемей, олардың өз болмысынан, өз ішінен іздеу керек деген түсінікке келу болашақ ғылыми білімнің негізін құрды.
Ғылымның ішкі және сыртқы бастамаларын қарастыра отырып, біз ғылым қашан, қалай және қайда пайда болды деген сұрақтарға жауап бере аламыз. Ғылымның бастауын анықтау үшін көп мәнді «ғылым» ұғымның қазіргі заманғы мазмұнын ашып көрсету міндетті. Жоғарыда атап көрсеткендсй, ғылым, ең алдымен, білім және ол білімді алуға бағытталған іс-әрекет, қоғамдық сананың айрықша формасы, әлеуметтік институт (XIX ғ.ғ. екінші жартысында пайда болған арнайы ұйымдар мен мекемелер жүйесі), XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамның тікелей өндіргіш күші т.б. Бұл сұрақтың елдің бәрі мойыңдайтын жалпы жауабы болмағанымен, бірақ Г.Спенсердің ғылымның бастауы «есейген «жабайы адамның» ақыл-ойы…» деген пікірімен келісуге болмайды және оның бұл пікірін қолдаушы О.Конттың және басқалардың ғылымды мәдениет пен тарихтан тәуелсіз түсіндіретін пікірін де қолдауға болмайды, өйткені ғылым дегеніміз білім «өндіруге» арнайы бағытталған қоғамдық қызметтің нәтижесі болып табылады. Мұндай қоғамдық қызмет дене еңбегі мен ой еңбегінің бір-бірінен бөлініп, үстем тап өкілдерінің ой еңбегімен арнайы айналысуы үшін қажетті бос уақыттың тууына байланысты пайда болды. Демек, шын мәніндегі ғылым алғашқы қауымдық қоғамда тууы мүмкін емес еді, өйткені ғылыми білімді өндірумен айналысатын, материалдық өндіріске қатыспайтын адамдар тобы — білім субъекті қажет еді және сонымен бірге ғылыми білім өңдірісіне керекті материалдық және методикалық база, сондай-ақ ғылыми зерттеудің нәтижесін жинақтап отыратын жазу тілі, жазу қажет еді. Бұлардың бәрі біздің заманымызға дейінгі VII—VI ғасырларда пайда болды. Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдан бұрын ертедегі Египетте (Мысырда), Месопотамияда, Индия мен Қытайда пайда болған, қазіргі ғылым философиясында орыс тілінде «Преднаука»1 деген атауға ие болған, Ғылымның жаңадан шыға бастаған бұл бастапқы кезеңіне тән белгі- сол кездегі материалдық өндіріспен, адамдардың күнделікті күнкөріс практикасымен тығыз байланыстылық еді. Ол адамдардың аса қарапайым да қажетті шарушылық мұқтажынан: нәрселерді санау, жер участоктарының ауданын өлшеу, заттардың көлем мөлшерін анықтау сияқты шаруашылық жұмыстарының талабынан туды.
Қоғамның ғылымға деген көзқарасы, оның рөлін түсіну бір мәнді емес. Бұл екі қарама-қарсы дүниетанымдық позицияда көрінеді. Олардың бірі – сциентизм (латын scientia — ғылымынан) — өз негізінде ғылым туралы, ғылыми танымның ең жоғары мәдени құндылық ретінде және адамның әлемдегі бағдарының жеткілікті шарты ретінде түсінікке ие. Сциентизм үшін барлық ғылыми білім емес, жаратылыстану-ғылыми танымның нәтижелері мен әдістері идеал болып табылатынын атап өту қажет. Ғылымды жаратылыстану-ғылыми біліммен байланыстыра отырып, сциентизм тек осылай түсінілетін ғылымның (және оның бір) көмегімен барлық қоғамдық проблемаларды шешуге болады деп есептейді. Бұл ретте әлеуметтік ғылымдар танымдық мәні жоқ ретінде азайтылады немесе мүлдем теріске шығарылады және ғылымның гуманистік мәні сол сияқты қабылданбайды. Сциентизм саналы бағыт ретінде XIX ғасырдың соңында батыс мәдениетінде орныққан,сонымен бірге қарама-қарсы дүниетанымдық позиция-антисциентизм пайда болды.
Антисциентизм ғылым мүмкіндіктерінің шектелуін көрсетеді, ал өзінің шеткі формаларында оны адамның шынайы болмысын, мәдениетін бұзатын күш, жат және дұшпандық ретінде түсіндіреді. Антисциентистік көзқарастың әдіснамалық негізі-ғылым мен техниканың дамуының теріс нәтижелерін абсолюттендіру (экологиялық жағдайдың өршуі, әскери қауіптілік және т. б.
Сциентизм және оның антиденесі-антисциентизм-бір мезгілде пайда болды және диаметральды қарама-қарсы қондырғыларды жариялайды. Сциентизмнің жақтаушысы кім екенін анықтау қиын емес. Сциентистер мен антисциентистердің дәлелдері әртүрлі бағыттылыққа ие оңай декодталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет