Сабақтың тақырыбы: Диалог. Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата26.08.2017
өлшемі134,19 Kb.
#29242
түріСабақ
Мектебі: Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебі.

Сыныбы: 7 -8 шағын кіріктірілген мектебінің сыныптары

Пәні: қазақ тілі.

Пән мұғалімі: Шабдар Әсел Маманқызы.

Сабақтың тақырыбы: Диалог. Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің

шарттары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіл мәдениетінде таза сөйлей білу, диалог туралы жалпы сипаттама беру. Диалог құрылысымен, ерекшелігімен таныстыру. Тіл мәдениетінде таза сөйлеудің әдістерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын жинақтай алуын, еркін жеткізуін, белсенділігі мен іздемпаздығын дамыту. Тіліміздің бай қорын кең пайдалана білгізе отырып, боз сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру. Сабақта алған білімдерін тиімді қолдана білуін дамыту.

Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтай отырып әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, кітаппен жұмыс, сатылай кешенді талдау.

Сабақтың көрнекілігі: постер, мәтін, көңіл –күй фишкасы, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Қоңырау уақытына дейін сыныптың тазалығын ретке келтіру, сабаққа қажетті материалдарды дайындау. Оқушыларға қажетті құралдарын алғызу.

Психологиялық дайындық. (оқушылардың көңіл –күйлерін анықтау)

-Сәлеметсіздерме. Бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше жағдайда өткелі отыр. Бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне сіздердің білімдеріңіз, қабілеттеріңіз, көңілді көңіл-күйлеріңіз және белсенділіктеріңіз қажет. Ал қазір біз соған дайынбыз ба? (Оқушылар дайындығы қадағаланды.)

Сіздердің көңіл-күйлеріңізді суреттеу үшін алдарыңда жатқан көңіл –күйлеріңе сейкес келген балақайларды көрсетесіңдер.

- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы көңіл –күймен келген екенбіз. Ал, олай болса балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі біз саяхатқа аттанамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге не керек? (билет алуымыз керек).

- иә, билет керек, дұрыс балалар. Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!

- Үй тапсырмасын тексеру.

Билетте өтілген материал бойынша сұрақтар қойылады.

1-билет

1.Синтаксис дегеніміз не?(Сөз тіркестерін, олардың байланысу жолдарын, сөйлем түрлерін, олардың жасалу жолдары зерттеумен жұғылданады.)

2.Сызба бойынша сөз тіркесін құрау. Зат есім + зат есім, есімдік + зат есім. (Айнұрдың кітабы), (Ол оқушы)

3.Қазіргі кезде ауызекі сөйлеуде тіл мәдениеті қалыптасқан ба? (Жоқ, себебі қазіргі жастар ауызекі сөйлеуде кірме, былапыт, дөрекі сөздерді көп қолданады)

2- билет

1. Сөздердің байланысу түрлері ата. (Қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу)

2.Сызба бойынша сөз тіркесін құра. Зат есім+ етістік (балалар түсіндірді), жіктеу есімдігі + етістік (мен оқимын)

3. Мәдениетті сөйлеу үшін не қажет? ( Көп оқу, іздену керек.)

1- билет

1. Меңгеру дегеніміз не, ол қандай синтаксистік қатынасты білдіреді? (барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі дейміз. Пысықтауыштық қатынас болады.)

2. Сызба бойынша сөз тіркесін құра. Сын есім+ зат есім (жақсы бала), есімше + зат есім (оқыған азамат).

3. Есімді тіркес дегеніміз не? (Сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса ол есімді тіркес деп аталады.)

2-билет

1. Сөз тіркесі дегеніміз не? (сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз)

2. Сызба бойынша сөз тіркесін құра.

Үстеу+етістік (жылдам жетті), көсемше+ етістік (сөйлей кірді)



3. Сөйлеу тілді көркем ететін нәрселерді ата? (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер)

1- билет

1. Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не? (Басыңқы сыңары етістікті болса етістікті сөз тіркесі дейміз)

2. Сөздердің байланысу тәсілдерін көрсет. (жалғау арқылы, шылау арқылы, интонация, сөздердің орын тәртібі).

3. Сөйлеу мәдениетін көтеру үшін не істеу керек? (Тіл тазалығын сақтауымыз керек, керексіз жерде орыс сөздерін кіргізбеу керекпіз)

2-билет.

1. Пысықтауыштық қатынас дегеніміз не? Сұрағы, мысал келтір.

(Бағыныңқы сыңардан бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін, бағытын, мезгілін, себебін, мақсатын, сын-амалын, қимылдың тегін білдіріп тұрады. Басыңқыдан бағыныңқыға қайда? Қайдан?қайтіп? қалай? Қашан? Сұрақтарына жауап береді. м/ы оқу үшін келді,асығып кірді)

2. Сызба бойынша сөз тіркесін құра.( Есімше+ зат есім- көреген қария, көсемші+ етістік -дауыстап сөйледі)

3. Дұрыс сөйлеу қандай нормаға сәйкес келеді? (Орфоэпия нормасына сай, орфоэпия гректің дұрыс сөйлеймін деген заңдылығына байланысты)

1- билет

1. Анықтауыштық қатынас дегеніміз не? Сұрақтары. (Матаса, қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесінің сыңарлары бір –бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Кімнің? Ненің? Қандай? Қай? Қанша? Неше?)

2. Сызба бойынша сөз тіркесін құра. Зат есім+зат есім Абайдың өлеңі

3. Мақалды жалғастыр. Жүз сомың болғанша..... (жүз досың болсын)

2- билет

1. Сөз тіркесінің қандай сыңарлары бар? (Бағыныңқы басыңқы м/ы ауыл мектебі, туған ел)

2. Шылау арқылы байланысқан сөз тіркесіне мысал келтір ( мектепке дейін келді)

3. Бірнеше тұрақты тіркес айт. Ит өлген жер, қыздың жиған жүгіндей.


3- билет.

1. Төл сөз дегеніміз не? Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол қалпында айтуын төл сөз дейміз.

2. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр. «Бүгін ашық сабақ болады» -деді мұғалімдер. Мұғалімдер бүгін ашық сабақ болатынын айтты.

3 –билет

1. Төлеу сөз дегеніміз не? Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз.

2. Сәбит әдейі амандасқалы келгенін айтты берілген сөйлемді төл сөзге айналдыр. - Әдейі амандасқалы келдім, - деді Сәбит.


Билеттің нөмірі бойынша вагонға отырайық. Жолға аттанбас бұрын біз өз вагонымыздан жолсерік сайлап алайық. Қазір мен сіздерге бағалау парағын беремін жолсеріктеріңіз сіздерге әр бекеттен өткен сайын ұпай қойып отырады. Сіздерді бағалайды.

Ал, кәне балалар біз жолға аттануға дайынбыз ба.

Бағалау парағы

Оқушының аты –жөні

Бекеттер

қорытынды

бағалау




«Бәйге»

«Кім жылдам»

«Кім тез табады?»

«Ойлан, тап!»

«Мәре»
















































































































«Бәйге» бекеті

1 вагон

Қазір мен сіздерге мәтін беремін мәтінді оқып шығамыз. Сол бойынша постер қорғаймыз.




2- вагон

Мәтінді оқып шығып, сол бойынша өз ойларыңнан диалог құрастырыңдар.

Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз. Диалог гректің тілінен енген сөз. Диалогта әр адамның сөзі жаңа жолдан басталады. Сөйлеушінің көңіл-күйі болады. Диалог сұрақ/жауап/ қарсы сұрақ/ сөйлеушілердің көңіл-күйі болады. Диалогтар қысқа және мазмұнды болады.

Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы диалог.

Талдау. Бағалау парағын толтыру


3- вагон

«Сөйлей- сөйлей шешен боласың» тақырыбына эссе жазыңдар.

Сонымен балалар дұрыс сөйлеу, дұрыс жаза білу үшін не қажет екен?(тіл мәдениетін шұбарламай, керексіз сөздерді қоспай, таза сөйлей білу)Балалардың жазған эссесін оқыту.

Көрдік пе балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Тіл мәдениеті» Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары.Тіл адам ойын сыртқа шығарады. Адамзат тілі өте ерте заманда шыққан. Ол кезде тілдің сөз байлығы аз болған. Сонда да әр рудың, әр тайпаның, әр халықтың тілі болған. Ол тілдер күнделікті сөйлесу, пікір алысу, түсінісе білу қызметін атқарған.Әр тіл өзі сөйлесіп, қолданатын қоғам мүшелеріне қарым-қатынас жасау құралы болған. Адамзаттың жануарлардан айырмашылығы дыбысты тілі. Сондықтан дыбысты тіл екі түрлі қызметте жұмсалады: ауызекі сөйлеу, жазба.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,-

Ол-ақынның білімсіз бейшарасы- деп, ұлы Абай текке айтпаған. Сондықтан әдеби тіл заңдарын бұзып сөйлеу-сауатсыздық, мәдениетсіздікке жатады.

Талдау. Бағалау парағын толтыру


Енді балалар серігу жаттығуын жасайық.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі. Жарайсыңдар сергіп алсақ келесі бекеттке аттанайық.

«Кім жылдам?» бекеті

Кітаппен жұмыс.

1- вагон. 308 жаттығу Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

2-вагон. Кітаптағы 307- жаттығу Төмендегі диалогтерді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңдар.


3- вагон Ғылыми мәтінді оқып шығып. Тіл мәдениетіне арналғанын түсіндіріңдер.


Бағалау парағын толтыру

«Ойлан, тап!» бекеті

Бұл бекетте біз сұрақтарға жауап береміз. Егер сіз сұраққа келіссеңіз онда 1 санын, ал келіспесеңіз 0 санын қойып отырасыз. Дәптерге жазып отыру.

1. Зат есім кім сұрағына жауап бере ма ? 1

2. Сабақты етістік бар ма? 1

3. Диалог бір адамның сөзі ма? 0

4. Қазақ тілінде 10 сөз табы бар ма? 0

5. Кімге? Неге? Табыс септігінің жалғауы ма? 0

6. лар, лер, дар, дер көптік жалғауы? 1

7.Сан есім заттың сынын білдіретін сөз табы. 0

8. Қосымшаның 2 түрі бар. 1

9. Есімді сөз тіркесі бола ма? 1

10. Кім? жіктеу есімдігі ма?0

Дұрыс жауабы: 1100010110


Мақал –мәтелде айтылмай тұрған сөзді табыңдар.

1.Арқанның ұзыны жақсы

Әңгіменің ............жақсы

2.Дұшпанға тастай қатты бол,

.............балдай тәтті бол.

3. Ақыл –дос, ашу -...................

4. Ақымақ ішкен –жегенін айтады,

............. көрген білгенін айтады.


Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар.

  1. Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті...............

  2. Ашық мінез, ашық әңгіме, ашық.......

  3. Иненің көзі, байлықтың көзі, көзі......

  4. Өткір ой, өткір мінез, өткір...........

Бағалау парағы толтырылады. «5» -8 балл, «4» 7-8 балл, «3» 5-6 балл

Келесі бекетімізге аттанайық.


«Кім тез табады?» бекеті

1-вагон. Берілген мақалдан бір сөзге фонологиялық талдау жаса.

Қонақ келсе, құт келер.


Қонақ




Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай-

жуан буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы

дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.

Бұл сөз: қо –нақ болып екі буынға бөлінеді. Себебі сөздің

құрамында екі дауысты дыбыс бар. Қо –ашық буын, себебі

дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталып тұр. Нақ – бітеу буын,

себебі дауыстыдан басталып, дауыссыздан аяқталып тұр.

Бұл сөз: Қо- болып бір жағдайда тас-ды. Себебі сөз екі буыннан

нақ тұр.
Бұл сөзде екпін а дауысты дыбысына түсіп тұр. Қонақ
Сөзде буын үндестігі жоқ себебі бұл түбір сөз.
Сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі бұл түбір сөз.


2-вагон. Морфологиялық талдау. Сатыла кешенді талдау.

Асылдың сақталатын қосы – дәстүр.


Дәстүр





Бұл сөз бір құрамнан тұр: дәстүр.
Тұлғасына қарай – дәстүр сөзі негізгі түбір.
Құрлысына қарай – дара. Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.

Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.

Лексикалық мағынасы – жалпы ұғымға берілген атау.
Дәстүр- не? Деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл зат есім.

Заттың атын білдіретін, кім? Не? Сұрақтарына жауап береді.

Мағынасына қарай:

Жалпы есім.

Дерексіз

Нақты емес.


8- сынып

3- вагон. Бұл кезеңде оқушылар берілген кестедегі сөздерді пайдаланып тұрақты сөз тіркестерін құрайды. Оның мағынасын ашады.



Қар

отырғызу



Мұз

Су

Бу

Мұзға отырғызу – алдау.

Алдау сөзіне фонетикалық талдау жаса.



Тон

қашу



Ішік

Шапан

Күрте

Ат тонын ала қашу – мойындамау.

Мойындамау сөзіне фонетикалық талдау жаса.





«Мәре» бекеті

Міне, балалар сабағымыз Мәре бекетіне де жетті. Сіздер бүгінгі сабақта бірнеше бекеттердің қиындығынан жүріп өттіңіздер.

Бұл сабақта аяқталмақ,

Мақсатына жетуге.

Білімдерің бағаланбақ,

Нәтижесін білуге –дей келе сіздердің бүгінгі сабаққа қатысқандарыңыздың бағасын әр вагонның жолсерігі береді.

Рефлексия.



  1. Бүгінгі сабағымызда көздеген жерімізге жеттік деп ойлайсыңдар ма?. Иә, жоқ.

  2. Сіздердің тілектеріңіз. стикерге

Оқушылар өз пікірлерін ағашқа жапсырады.

Үйге тапсырма.

7- сынып «Көктемгі еңбек» тақырыбында диалог құрап келу

8- сынып Шешенің судай төгілген. Шешендік сөздерді оқып келу.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет