Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі84 Kb.
#98435
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
kur -qurmalas-soylemnin-zhasalu-zholdaryna-qaray-turleri


Жоспар



  1. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.

  2. Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері

3.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері
4. Аралас құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.

Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамадатикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілер болады.


1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің кысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі - синтаксиске арналған (1897ж).
Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектер-дің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (51, 92).
В.В.Катаринский «грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп атаныған (42, 85).
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу
еңбектері қазақтілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми
тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды.
А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық - мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақыидығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере ( -келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі (14.300-30,1).
1991 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге , бөледі. 1935жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы»деген мақаласында үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.
1939 жылы орталау және орта мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарық көрді. Оқулық мектеп программасына негізделіп жазылғандықтан, құрмалас сөйлем жайындағы деректер кеңірек қамтылған.
Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді сдлалас және сабақтас сөйлем деп екіге бөледі.Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсөтіледі (36, 201).
Қазақтіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде атап керсетті.«Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»-деп автор анықтамасын береді (2,176)
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор үлес қосқан ғалымның бірі - Н.Сауранбаев. Ол «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі» деген еңбегінде қазақтіліндегі құрмалас сөйлемдерді үлкен үш топқа бөледі: іргелес салалас және сабақтас құрмаластар. Іргелес құрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау, толықтыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңқы іргелес болады. Жайылыңқы іргелеске енген жай сөйлемдер қысқартылмай толық күйінде айтыпады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жатқызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі»,-дейді (65, 32).Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның құрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айтқан.Бірақ автордың бұл пікірі қазақтіл мамандарының тарапынан қолдау таппады. Қазақ тіл ғылымы Н. Сауранбаевтың « жайылыңқы іргелесін» жалғаулықсыз салалас деп, «қойылыңқы іргелесін» бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде қарайды.
Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы -Т.Қордабаев. Ол құрмалас сөйлем, оның түрлерін, құрылымына қарай жіктелуін" ішінара бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады (11,192).
Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз көзқарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Кұрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрлысы» атты еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис саласына зор үлес қосты (30, 141).Ұ.Салиева да өз еңбегін құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады (60. 25).
Б.Сағындықұлының «Аралас құрмаластың мағыналық топталуы» деген көлемді мақаласында құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас сөйлемнің табиғатына тоқтала келіп: «аралас құрмалас сөйлемдерді мағыналық жағынан шартты түрде екіге бөлуге боләды. Оның біріншісі-баяндауыш формасыз, тиянақты түрде келетін, текбайланысу тәртібімен Телетін, ерекшеліктері көп басыңқылы сабақтас сөйлемге ұқсас түр де, екіншісі-бұндай формаға кереғар, аралық категорияның пайда болуынан бастап қолданыла бастаған, «әрі салаласып, әрі сабақтас» келетін түрі», -дейді (61, 37).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет