Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі84 Kb.
#98435
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
kur -qurmalas-soylemnin-zhasalu-zholdaryna-qaray-turleri

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ
Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принцип-терінің бірнешетүрі пайдаланылып келеді. Олардың еңбастылары: дәстүрлік және құрылымдық-семантикалық.
Дәстүрлік топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас, сабақ-тас, аралас болып үшке бөлінеді. Ал құрылымдық-семантикалық топтастыр-ғанда құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып сараланады.
Салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы айырма-шылықтар - компоненттердің негізгі екі мүшесінің бір -бірімен синтаксистік қатынастарында, әсіресе, компоненттердің баяндауыш формасында, сондай-ақ олардың компоненттерінің құрмаласу тәсілінде, мағыналық байланыс-тарында және интонациялық құбылыстарында.
Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болса, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлем баяндауышы басыңқы сөйлемге тәуелді, бағына байланысады.
Әзімбай бұны сүйсіне қостады, әрі оның соңғы сөзін қайта-қайта еске алды /М.Әуезов/ -салалас;
Абай бүгін әдейі бір үй ішті кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш. Әбіштерді осында шақыртқан /М.Әуезов/ - сабақтас.
Салалас пен сабақтастың арасында төмендегідей айырым белгілері
бар.
1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақ-ты тұлғада тұрады да, ал сабақтас құрмалас компоненттерінің алдыңғы сөйлемінің баяндауышы таянақсыз тұлғада болады.
2. Салалас құрмаластың баяндауыштары тендік қатынаста тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент баяндауы-шы басыңқы компонент баяндауышына бағына байланысады.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасындағы интонациялық кідіріс біршама тиянақты болады да, сабақтас құрмаластың сөйлемдері арасындағы мнтонация елеусіз немесе тиянақсыз болып келеді.
4. Салалас құрмалас кошоненттерінің баяндауыштары өз бастауыш-тарымен қиыса байланыса келеді де, сабақтас құрмалас сөйлем компо-ненттерінің баяндауышы өз бастауыштарымен қиыспайды.
5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыру үшін жалғаулықтар қолданылса, ал сабақтас құрмалас сөйлем компонент-терін құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.
6. Салалас құрмалас сөйлемнің бір компонекті екінші компонентке тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі меңгеріліп тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, соны түрлі жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет