Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері


Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі84 Kb.
#98435
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
kur -qurmalas-soylemnin-zhasalu-zholdaryna-qaray-turleri

Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері


Салалас құрталас сөйлем дегеніміз құрамы кемінде екі немесе бірнеше сөйлемнен құралатын, құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары өзара теңдәрежеде байланысқан сөйлемді айтамыз.Оләр өз ішінде жалғаулықты және жалғаулықсыз болып белінеді.
Жалғаулықты сапалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрғанына қарай сөйлем де сол жалғаулық атымен аталып топталады. Алайда аталған топтардағы жалғаулықтардың мағыналық жағынан белгілі бір ұқсастықтары болғанымен, қолданылу орнына, контекске қарай олардың әрбіреуінің өзіндік ерекше дербестіктері әте көп ұшырасып отырады.
Ал құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді.
Жаппы салалас құрмаластар жайында ғалымдар көп пікір айтқан. А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдер түрін 5-ке белді. Мұндағы «жайылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы» сияқты атаулармен берілген салалас сөйлемдер кейінгі зерттеулердегі мезгілдес, қарсылықты, талғаулы, түсіндірмелі деп аталып жүрген салалас құрма-ластарға сәйкес келеді (14.302). Ғалымның салалас құрмаласқа келтірген мысалдары, оның жіктелуі бүгінгі көзқараспен дәл келмесе де, кейінгі ғылым үшін бастама болды.
Н.Сауранбаев салаластарды жалғаулықты, жәлғаулықсыз деп бөлмеген. Оның салалас құрмалас деп танығаны - қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықты салаластар (65,34). Ол жалғаулықсыз салаластың барлық түрін тек іргелес құрмалас деп атаған (65,26). Сондай-ақ, кезінде автор үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемнің бір түрі деп қарады. Ал екінші кітабында ол пікірін теріске шығарды. Қ.Жұбанов та салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолын керсетіп, мағыналық қатынастарына қарай оларды: ыңғайлас, ереуіл, талғама, себеп-салдар, шарт-жағдай салалас деп 5-кебелді( 36,205).
Бертін келе 1971 жылы Қ.Мамытбековтың«Салалас құрмалас сөйлем-дердің грамматикалық табиғаты женіндегі» мақаласы жарық көрсе(50), Ж.Құсайынова салалас құрмаластың бір түрі - түсіндірмелі туралы арнайы зерттеу еңбек жазды (46).
Негізінен салалас сөйлемдер мағыналық қатынастарына қарай бірнеше түрге белінеді.
Ыңғайлас /мезгілдес/ салалас құрмалас сөйлем. Мезгілдес немесе ыңғайлас салалас сөйлем компоненттері бір мезгілде я болмаса біріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған, іле-шала болған іс-әрекеттерді, жай-күйді баяндайды. Тек компоненттерінің байланысу жолындағы ерекшелігі болмаса, мағыналық қатынасы жағынан ыңғайлас салапастың жалғаулықты да, жалғаулықсыз да түрі бірдей.
Әзімбай бұны сүйсіне қостады, оның соңғы сөзін қайта-қайта есіне алды I М.Әуезов/.
Бейбіт жылқыны сауырынан салып қалуы мұң екен, ол тұрған жерінен ата жөнелді (М.Өуезов).
Себеп-салдар /себептес/салалас құрмалас сөйлем. Бір сөйлемде айтылған іс-қимылдың, жай-күйдің себебі білдірілсе, екінші сөйлем сол себептен туған салдарды, нәтижені білдіретін, керісінше біріншісі нәтижені, екіншісі соның себебін білдіретін болса, онда ол сөйлемдер себеп-салдар немесе себептес сөйлемдер деп аталады. Бұл сөйлемдер де бірде жалғау-лықты, бірде жалғаулықсыз болып келеді.
Менің әндерімді тыңдаушы дә, сынаушы да, салушы да халық, сондықтан біздің жиған-тергендеріміздің бәрі хал ықтікі.
Мен қорықпаймын, әжем кеше сұрап алған /Б.Майлин/.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бұл түріне құрамындағы сөйлемдердің бірінде айтылған ой, іс-әрекет екінші сөйлемде жүзеге асқан жай-күйге, іс-қимылға қарама-қарсы келеді. Сондықтан да қарсылықты салалас деп аталады. Жалғаулықты да, жалғаулықсыз да түрі болады.
Өлең шығаруға ойланып та көрем, бірақ ол қолымнан келмейді /С.Мұқанов/.
Қасындағы ұсақ қыздар мен қалыңдық та күліп алдаусыратпақ болып еді, Абай мен Ербол оған көнген жоқМ.Әуезов/.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем. Түсіндірмелі /іліктес/ салалас сөйлем дегеніміз -бірінші компоненті жалпылық мәнде келіп, кейінгі компо-ненттерінде оның мәні не болмаса себебі түсіндіріліп, сараланып келген сөй-лемді айтамыз. Салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік ерекшеліктері де бар.
1. Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұрған, сонымен бірге екі жай сөйлемді құрмаластырушы болып тұрған сол, соншама, соншалық, сондай сөздері өз бастауыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын қимылға, жағдайға ерекше көңіл аударту мақсатымен келесі сөйлемге сілтейді де, оның мәнісі келесі немесе екінші сөйлемде ашылады. Соның қорытындысында кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы орнына тұрғандай болып, соның білдіруге тиісті мағынасын білдіреді.
Өз ойының әуресімен жүріп кеткені соншама, Абай ел ішінің жайларынан оқшау қалған екен /М.Әуезов/.
2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы сөйлем іс-әрекет, оқиғаны жалпы көрсетеді де, қалған сөйлемдері сол іс-оқиғаның мән-жайын ашып, түсіндіріп тұрады. Мұндай түсіндірмелі сөйлемдер не екі, не үш сөйлемдерден құралады.
Табиғатта тыңайтқыштың екі түрі бар: бірі органикалық тыңайтқыш, екіншірі- минералды тыңайтқыш /"Өсімдіктану" оқулығы/. Немесе, өзге балалар енді байқады: қарауытып көрінген доғарылған аттар екен /"Балдырған" журналы/.
3.Т үсіндірмелі салапастар тек орын тәртібі арқылы ғана байланысады. Яғни жалғаулықты түрі болмайды.
Шартты салалас құрмалас сөйлем. Құрамындағы компоненттер мағыналары өзара шарттас, яғни, бірінде айтылған іс-әрекеттің екіншісі шартын білдірсе, не болмаса керісінше екінші сөйлемде берілген ой алдыңғы сөйлем шартын білдірсе, ондай сөйлемді шартты салалас сөйлем дейміз.
Егер Биғайшаның үйіне қарай аяқ басушы болсаң, менен жақсылық таппа /Т.Садық/.
Шартты сапалас сөйлемдер ара-тұра жалғаулықты болып та келеді:
Сен келісім бер, әйтпесе мен саған жоқпын.
Салыстырмалы салалас құрмалас сөйлем.Бұл сөйлемдер жалғаулықсыз болып келеді. Екітүрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттөрін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын құрмалас сөйлемнің түрін салыстырмалы салалас сөйлем дейміз.
Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сез бұзар /Мақал/.
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.Талғаулы салалас сөйлем компоненттерінде баяндалған іс-әрекет, оқиға, жай-күйталғанып, екшеліп,сол іс-әрекеттің біреуінің жүзеге асатындығы білдіріледі. Талғаулы салаластың компоненттері салалас құрмаластың басқа түрлеріндей емес, тек интона-циялық жағынан болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды. Сондай-ақ оның басқа салалас түрлерінен өзгешелігі құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз құрмаласа алмайды, тек жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Себебі жоғарыда айтылғандай компоненттері мағыналық жағынан бір-бірімен байланысып жатпай, әрқайсысы өзалдына жеке әрекеттерді білдіріп тұруларына қатысты. Мағына жағынан байланыс болмағандықтан, талғаулы жалғаулықтар арқылы байланысып тұрады. Ал бұл дәнекер сөздерді түсіріп айтсақ, сөйлем құрмаластық қасиетінен айрылып, бөлек-бөлек сөйлем болып қалады.
Сіз маған жалақымды бересіз, не екеуміз басқаша сөйлесеміз /А.Грин/. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар /Ә.Әбішев/.
Ккзектес салалас құрмалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-арекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Бұл сейлемде үнемі жалғаулықты болады.Сөйлем компоненттері бір-бірімен кебде, бірде, біресе сынды кезектес жалғаулықтар арқылы құрмаласады.
Раушан бірде ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, бірде ол салқын тартып алыстап кетеді Я.Ахтанов/.


Ханыша осылайша ауырғандай,
Аныласа, кейде демі таңды ұрғандай.
Жатады күйді тыңдай, кейде жылап
Жастыққа жылы жаңбыр жаудырғандай
Л.Жансүгіров/.
Салаластың көп компонентті түрі соңғы жағында арнайы баяндала-тындықтан, бұл жерде сөз қозғамаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет