1-МОДУЛЬ. МҰРАЖАЙТАНУ ҚҰРЫЛЫМЫ
1-тақырып. МҰРАЖАЙ - ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ИНСТИТУТ
Дәріс жоспары
1. «Мұражай» түсінігі.
2. Мұражайдың әлеуметтік функциясы.
3. Мұражайлардың жіктелуі.
Дәрістің мақсаиы:
«Мұражай» түсінігі мен мұражайдың әлеуметтік функциясын,
мұражайлардың жіктелуін қарастыру болып табылады.
Мұражайтану, музейтану
- мұражай ісі
мен тарихын, оларды
ұйымдастыру мен қызметтер жүйесін, әдістемесін зерттейтін ғылым саласы.
Мұражайтану термині XIX ғасырдың II жартысында ғылыми
айналымға енді. Мұражайтанудың теориялық
тұрғыдан зерттелуіне XX
ғасырдың 50-60 жылдары чех ғалымдары И.Неуступный, И.Бенеш, поляк
ғалымы В.Глузинскийлер зор үлес қосты. 1977 жылы өткен Халықаралық
мұражайлар кеңесінің 11-ші конференциясында
Халықаралық мұражайтану
комитеті құрылып, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Мұражайтану арнайы пән ретінде мұражай ісінің теориялық және
тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік негіздерін жасайды. Мұражайтану ісіндегі
тарихи-ғылымдық, таным тәжірибелерді қорытындылайды. Мұражайтануда
археологиялық
этнография, өнертану, палеография, нумизматика, жараты
лыстану ғылымдарын
зерттеудің әдістері кеңінен қолданылады.
Мұражайтану – қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың сақталу
процестерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім беріп,
эмоциялық
әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық – экономикалық жағдайдағы
әлеуметтік заңдылықтардың формалық қызметін музей жәдігері,
музей ісі
арқылы зерттеп, жүзеге асыратын пән.
Мұражайтанудың зерттеу нысанасы – мұражай, мұражай ісі, мұражай
жәдігері. Музей және музей ісі тарих, мәдениет, өнертану, әлеуметтану және
басқа ғылыми салаларда зерттеу нысанасы ретінде қарастырылады.
Сондықтан зерттеу пәні үнемі өзіндік, арнайы
заңдылықтарды анықтайтын
ғылыми жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі бір
саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық міндеттерді
шешуге болады.