1 тақырып. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтануға кіріспе. Жауабы: «Әлеуметтану»



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата26.10.2022
өлшемі410,58 Kb.
#155086
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 та ырып. леуметтік лемді т сінудегі леуметтану. леуметтану



1 тақырып. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. 
1.Әлеуметтануға кіріспе.
Жауабы:
«Әлеуметтану»
ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – 
ілім, ұғым деген сөзінен шығады. 
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның 
негізін XIX ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады.
«Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен 
қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. 
Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде 
қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге 
асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-
біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр 
теориялардың ролі айрықша келеді. Яғни, әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы 
әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, 
мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 
Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын 
зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың
белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму 
зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет 
механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның 
объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу
объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады.
Объект
дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, 
оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар
мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. 
Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды 
адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған 
мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Олар әрбір 
объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе 
ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің 
алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне 
және өз дүние – танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр 
уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір 
ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. 
Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. 
Сонымен бірге әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет