Практикалық тапсырма Жазық фигураның ауданын анықтау Оқушыларға нұсқаулық ом



Дата09.09.2022
өлшемі22,03 Kb.
#149058
Байланысты:
Физика 10-сынып Физикалық өлшеулер. Физикалық шамалар қателіктері. Практикалық тапсырма
Сценариий 1 июня, срс 1

Практикалық тапсырма
Жазық фигураның ауданын анықтау
Оқушыларға нұсқаулық
ОМ: 10.1.1.4 - физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін (mean) тәжірибе арқылы анықтау.
Жұмыстың мақсаты: тура және жанама өлшеу мәндерін қателіктерді ескере отырып жазуды үйрену
Құрал-жабдықтары: сызғыш, жазық тіктөртбұрышты фигура (А4 форматындағы қағаз, фигура өлшемдері сызғыштың өлшеу шегінен аспауы тиіс).
Жұмыс барысы:

  1. Жазық тіктөртбұрышты фигураның ұзындығы мен енін сызғыш арқылы өлшеп алып, кестені толтырыңыз (әр шама үшін минимум 3 өлшем):



Ұзындығы, а/

Ені, b/














































Орташа мәні







Тура өлшеулердің мәнін келесі түрде жазыңыз: А=Аорт ± ΔА, мұндағы А – өлшенген физикалық шама, Аортөлшенген шаманың орташа мәні, ΔА – өлшеудің абсолюттік қателігі (кестеден).
a=
b=
Әр физикалық шама үшін өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтаңыз:
εа = Δа / аорт=
εb = Δb / bорт=
Жазық тіктөртбұрышты фигураның ауданын клесі формула бойынша анықтаңыз:
Sорт = aорт·bорт =
Өлшеу нәтижелерін А=Аор ± ΔА түрде жазу үшін жанама өлшеудің абсолют қателігін анықтау қажет. Ол үшін келесі теңдеуді қолданыңыз:
εS=ΔS/Sор= Δа/аорт+ Δb/bорт
ΔS= εS Sорт=( Δа/аорт+ Δb/bорт) Sорт=
Жанама өлшеу нәтижесін қателігін көрсете отырып жазыңыз:
S=
εS=
Жанама өлшеу кезіндегі физикалық шамалардың қателіктерін анықтау үшін арнайы кестені қолдана аласыздар (жанама өлшеулердің қателіктері)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет