Сөздік диктант №2 Сүйкімді, туысқан, көлбақа, кемпірқосақ, құрбы-құрдас, киім-кешек, АҚШ, құмырсқа, ұмтылу,қолғанат.
Қазақ тілі Мәтінді көшіру Пайдалы жәндіктер
Пайдалы жәндіктер қатарына жарғанат, үкі, бақа, кірпі жатады.Жарғанат бір түнде жүздеген қоңыздар мен инеліктерді жеп үлгереді. Ал олар ағаштың жапырағын , өсімдіктердің тамырын бүлдірді. Үкі бір түнде он-он бес тышқан ұстап жейді.Тышқандар-егіннің бірінші жауы.
Бақа адамға зиянды маса,шіркей, қоңыз сияқты жәндіктерді жейді. Ал кірпі тышқанмен, улы жыланмен қоректенеді.
Жарғанатты, үкіні, құрбақаны, көлбақаны және кірпіні қорғаңдар! Олар адамға өте көп пайда келтіреді. Олар-біздің досымыз . (68 сөз)
Қант Қант жемістерде , бақша өсімдіктерінде болады. Әсіресе қызылшаларда қант көп. Сондықтан да ақ қызылшадан өндіріледі. Қант зауыттарында ыстық су толтырылған үлкен-үлкен он алты қазан болады. Тазаланған , жұқалап туралған қызылша осы қазандарға салынады. Осы кезде қызылшаның тәтті шырыны суға шығады. Тәтті су бір қазаннан екінші қазанға құйылып, үнемі араласып тұрады. Ақырында ең соңғы қазаннан қою қара күрең түсті шырын шығады. Ол сүзіледі, қайнатылады. Арнаулы машинаға құйылып, үлкен жылдамдықпен айналдырылады. Сол кезде қою шырыннан құмшекер бөлінеді. (73 сөз)
Қазақ тілі 4 –сынып Мазмұндама
Өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек! Адам таза ауамен демалады. Адам демімен шыққан ауа қайтып жұтуға жарамсыздау болады. Біз үнемі тазасын жұтып, жарамсыз етіп отыратындықтан, егер таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер үстінде жұтуға жарамды ауа қалмас еді.
Сонда таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Дұрысы-таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан жарамсыз ауаны жұтып, бірақ өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартып, қайтадан шығарады.
Үйіміздің айналасында, көшеде өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, соғұрлым таза ауа да көп болады.
Таза ауамен демалған адамның дені сау, көңілі хош болып ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік алады. Осы себепті бабаларымыз, «өмір жасыңды ұзартқың келсе, ағаш ек!» деген екен.