Құстардың пайдасы (тақырыптық ) Кейде құстардың дауысына қарап уақытты да анықтауға болады. Мысалы, түнгі екі-үш кезінде бөдене, бозторғай және көкек оянады. Үш пен төрттің арасында шұбар шымшық, жарты сағаттан кейін қараторғай оянады. Сонымен, қала мен даланың таңы торғайлардың ұйымшылдықпен шырқалған әнімен басталады. Олар балапандарына азық тасу барысында ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жояды. Адамға, табиғатқа көп пайда келтіреді. Торғайлардың игілікті ісін бостондықтар келешек ұрпақтарына өсиет етіп, оған ескерткіш орнатқан. (65 сөз)
Тапсырма: Адамға, табиғатқа көп пайда келтіреді. Сөз тіркесін тап .
Құстар, түнгі сөздеріне тіркес ойлап жаз.
Зиянды сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Мамыр (тақырыптық ) Мамыр – шөптердің көктеп, баудың гүлдей бастап, көптен күткен жылылық маусымының басталатын кезеңі. Бұл айда желдің ызғары қайтып, суық күндер өте сирек кездеседі.
Мамыр – көктемнің соңғы айы. Мұнда құстардың қиқуы мен бұлбұлдың сайраған әсем даусын естисің.
Мамырдың – ауа-райы құбылмалы болады. Айдың аяқ шенінде жел ызғары азайып, жылы, ұзақ күндер жерді қыздырып, жазды жақындата береді.
Мойылдың жапырақтарының исі мұрынды жарады. Мойылдан кейін сирень гүлдейді. Осы уақытты шетен де гүлдейді. (68 сөз)
Тапсырма: Ызғар сөзіне мәндес сөздерді тауып жаз.
Мойылдың жапырақтарының исі мұрынды жарады. Сөйлемнен тұрақты сөз тіркесін тап.
Кейін сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз жаз.
Ақан сері (бақылау диктанты) Қарауыл елін әншілер елі дейді. Өнеріне ұстаған бүркіті мен жүгірткен тазысына ел қызыққан жанның бірі Ақан серінің ұлы атасы- Құдайқұл болған. Құдайқұл ән салып, серілік құраған. Одан Сапақ, Бекназар, Қоскөлдің жағасын дүрілдетіп Біржан сал келді. Біржан салдың асқақ үні Қорамса ауылын шаттыққа бөлейді. Ақан сері әнінің мазмұны өте кең. Ол көзі көрген өмір құрылысынан туындайды. Ақан серінің әні жалпақ сахараға жайылып жатты. Ел оның айтыстарын да тамашаласты. (67)