Дін философиясы Жоспар


Шәкәрімнің дін философиясы



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі408,5 Kb.
#117430
1   2   3   4
Байланысты:
Дін философиясы

Шәкәрімнің дін философиясы

  • Шəкəрім дүниетанымында «дін» жəне «діншілер» деген қос ұғым қатар қолданылады. Ойшылдың дінді «діншіл» ұғымынан бөлек түсінгені аңғарылады. Шəкəрім «діншіл» ұғымына сыни көзқараста болған. Шəкəрім өлеңдерінде осыған қатысты мынадай сөз тіркестері кездеседі:«Молдалардан дін сұрасаң, сандырақтар, сандалар», «Адасып діншіл азғанын, сынауға бұрдым бас», «Пəнші нанды бес сезімге, дінші адасты жолынан», «Пəн жамылған əлімдер, дін жамылған зəлімдер» т.б. Бірақ Шəкəрім қолданған осы бірнеше сөз тіркестеріне қарап ол дінге қарсы болған немесе дінді қабыл алмаған деген пікірге баруға болмайды. Шəкəрімнің дінді өте терең мағынасында түсінген ойшылдардың бірі екендігіне дау жоқ. Шəкəрім тек бұрыс кеткен діншілдер мен діндерді ғана сынға алады
  • Дінді “таза ақылмен” ұстану
  • Шəкəрім кез келген діннің негізгі іргетасын құраушы, діңгегі осы үш нəрсе, бұдан асып кетер діннің мақсұты жоқ дейді. Əрі барлық діндердің мақсұты осы үш негізгі түсінікте бірігеді. Олай болса, Шəкəрімнің ойынша, дін жаратушының бар екенін мойындап, істеген ісіне қарай не бір сауап немесе жазаның болатынын қаперде ұстап, ұжданға сай өмір сүру дейді. Бұдан асып кететін ешбір дін жоқ. 
  • Бұл кездегі діндердің бəрі – нашар,
  • Ешбірі түзу емес, көңіл ашар.
  • Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді,
  • Тексерсең ойың түгіл жаның сасар.
  • Əлемдегі діндердің түп мақсұты
  • Үш нəрседе бұлжымай құшақтасар:
  • Құдай – бар, ұждан – дұрыс, қиямет – шын
  • Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар
  • Иманның адамдағы шынайы көрінісін Шəкəрім қиянатсыздық арқылы өлшейді. Оның ойынша, қиянатты болу имансыздықты білдіреді. «Қиянатың бар болса, иманың жоқ. Маған десе, мың жылдай қыл ғибадат», – дейді Шәкәрім
  • Шәкәрімнің “шын иман” және “шатақ иман” ұғымдары
  • Маркс дінді емес, капитализмді жатсынудың ең ұлы формасы деп санады – капиталистердің табынатын нәрсесі Құдай емес, ақша. «Дін – халыққа арналған апиын» деді Маркс. Бұл сөз дінді орындалмас арман ретінде ұғынуды білдірмейді, оның айтпағы: өлімнен кейін бақытты өмірге сену – капитализм тұсындағы еңбекке шыдау үшін қажетті сандырақ. «Діни азаптану – бір мезгілде шынайы азап шегу де, шынайы азап шегуге қатысты наразылық та. Дін дегеніміз – қаналушы жаратылыс иесінің демі, тасжүрек әлемнің жүрегі және шынайы азап шегуге қатысты наразылық. Бұл – халыққа арналған апиын»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет