Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек?



бет76/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Тірек сөздер жиынтығын қалай дұрыс құру керек?

Тірек сөздер нені бейнелеуі тиіс? Тірек сөздер мақаланың барлым





терминологиялық қорын қамтуы керек, яғни:

I

мақалада қандай терминдер қолданылады?

мақала қандай терминдермен логикалық жағынан байланысты болуы мүмкін?

Мақала үшін тірек сөздерді қайдан іздеу қажет? Тірек сөздер ретінде:


мақала атауынан;


мақала аңдатпасынан;


мақала мәтінінің кіріспе, негізгі және қорытынды бәліитерінен терминдер алынуы мүмкін.


Тым көп тірек сөздер пайдаланудан қорықпаңыз. 3-4 сөз мақаланың сипаіЪінкөрсетугежеткіліксізболады.Дұрысы-мәтінкөлемінебайланысты 10-15 сөз қолдану. Әрбір қосымша тірек сөз оқырманның мақаланы оқуға деген қызығушылығын тудыруы мүмкін. Негізгі терминдермен қоса күрделі терминдерді де қолданыңыз. Мысалы, бухгалтерлік есепке қатысты мақалада қаражат, бухгалтерлік есеп сөздерімен бірге негізгі қаражаттың бухгалтерлік есебі сияқты күрделі терминдерді қолдануға болады, алайда тым күрделі сөздерді қолданбаған жөн. Кейде үш сөзден артық күрделі сөзді бірнеше тірек сөзге бөлуге болады. Мысалы




мәліметтерді талдау мен өңдеу дегеннің орнына мәліметтерді өңдеу, мәліметтерді талдау деп берген дұрыс.

Әрбір тірек сөз - бұл дербес элемент. Тірек сөздер жалқы мағынада


болуы керек. Мысалы, адам капиталы, оның бағасы деп қолданған дұрыс емес, оның орнына адам капиталы, адам капиталын бағалау деген жөн.


Тірек сөздерді үтір арқылы бөлесіз.


Ғылыми мақалаларда тірек сөздердің қазақша, орысша және ағылшынша берілгені дұрыс. Ағылшын тілінде сапалы жазылған аңдатпа (аЬэігасі //эиттагу):


а) шетелдік ғалымның сіздің өз тіліңізде жазған мақалаңыздың мазмұнымен қысқаша танысып, оны толық мәтінін оқып шығуға мүмкіндігі болмаса да, қызығушылық танытуына;


ә) орыс не қазақ тілін білмейтін ғалымның мақала бойынша түсінік алуына жағдай жасауға;


б) сіздің мақалаңыздың үзінділерін шетелдікғалымдардыңдәйектеме ретінде пайдалануына мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, сапалы құрастырылған аңдатпа қазіргі ақпараттар ағыны дәуірінде ғалымдардың уақытын үнемдеп, аз уақытта мақала туралы жалпы түсінік, ақпарат алуына көмектеседі.



80




1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет