Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Эссе жазуға қалай дайындалу керек?



бет149/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Эссе жазуға қалай дайындалу керек?

Эссе жазуға кіріспес бұрын, ең алдымен, мына сұрақтарға жауап беру керек сияқгы: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс- әрекеттерді күтемін?»




Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол:



  • белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;







  • оқырмандарды ақпараттандыру;




  • мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;







  • көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;




  • іс-әрекетке түрткі болу.

Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықгайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын біліп, өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.


Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықгауға тырысу керек.


Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа



136


сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.

Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.


Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе, жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді.


Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурстары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет.


Келесі кезең - дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.


Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады. Деректерді тексеріп, бар материалдарды ретімен қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.


Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарды жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет