Практикалық тапсырма
Берілген тақырып бойынша эссе жазыңыз.
Үлттық тәрбие және жаһандану
Жоспар:
1. Кіріспе
Бүгінгі қазақ ұлты
2. Негізгі бөлім
а) Елдік сананы қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің рөлі
ә) Рухы биік мәдениетіміз бен әлеуетімізді сақтау
3. Қорытынды
Үлттық болмысқа бейімделген жаһандану
Жоспарға сәйкес эссе жазыңыз. Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылуы үшін қыстырма құрылымдар мен шылаулар, тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалану қажет.
Эссе көлемі 30-35 сөйлемнен кем болмауы тиіс.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: ұлттық мемлекет, өркениет, бүгінгі болмыс, әлемдік кеңістік, ұлттық тәрбие, ұлттық мүдде, ұлт болашағы, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жаһандану дәуірі, жұтылмау, шамадан тыс еліктеушілік, әлемдік көшке ілесу, бейімделу, өзіндік дүниетаным, уақыт талабы, сұраныс, индустриялық-инновациялық мемлекет құру, салт-дәстүр, тіл мен діл, діни сенім-наным,
ұлтсыздықпен күресу, елдік сана, жүзеге асу.
Достарыңызбен бөлісу: |