Абстракт жазу үлгісі
АБСТРАКТ
Заман ағымына қарай адам баласы үшін білім алу мен білімін жан-жақты жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мемлекеттер - арасын нығайту мен билингвал тұлғаны қалыптастыру мақсатында көптілділік Қазақстанда да қарқынды дамуда.
Тіл -әлем бейнесі, себебі кез келген ұғымға атау беру, ой- пікірді білдіру тіл арқылы жүзеге асады. Тіл және адам, мәдениет қарым-қатынасы аса тығыз байланысты. Тілдің мәдениетке байланысты бейімделуі немесе
77
мәдениеттің тілге байланысты өзгеруі - аса толғандыратын мәселе, сол себепті де тұлға және мәдениет қарым-қатынасын тіл арқылы зерттеу, тілді жеке тұлға аспектісінде қарастыру, бүгінгі мәдени кеңістіктегі тілдік тұлға бейнесін айқындау қажеттілік туғызып отыр. Қазіргі таңдағы мультимәдени және ақпараттық-коммуникативтік мәдениеттің пайда болуының өзі адамзат баласының жаңа деңгейге көтерілгенінің белгісін көрсетеді. Сан ғасырлы мәдениет орнын жаңа мәдениет басып келеді. Мәдениетте болып отырған өзгерістер тілдік тұлғаға да өз әсерін тигізері сөзсіз. Қоғамдағы әрбір адам үшін мәдени тұрғыда қалыптасу аса маңызды, өйткені мәдениет қойнауында тарих бар, ал тарихсыз ел болмайды.
Бүгінгі мәдениет кеңістігіндегі индивидтің тілдік тұлғасы біршама өзгерістерге ұшыраған. Тілді сол тілде сөйаеуші тұлға арқылы зерттеу соңғы жылдары қолға алына бастады. Осы әдіс арқылы бүгінгі таңдағы мәдени кеңістіктегі билинвгал тұлғаның ерекшелігін айқындауға болады. Осы айтылғандар тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |