Неолексемалар деп өзге тілден енген жаңа сөздерді не жаңа құрылымдарды атайды. Мысалы, имидж, эдвайзер т.с.с.
Неофраземалар деп идиомдық семантикаға не жаңа тұрақты сөз тіркестері мен фразеологизмдерді атайды. Мысалы, Ақ үй, сенім иесі, құқықтық мемлекет, табыс туралы декларация, жарнамалық үзіліс т.с.с.
Неосемемалар дегеніміз - көнерген сөздер мен фразеологизмдердің жаңа мағыналары. Мысалы, экология сөзінің «тазалық, дұрыстық, үндестік, тазалыққа қамқорлық» деген жаңа ауыспалы мағынасы пайда болды. Мысалы, рух экологиясы, тіл экологиясы, мәдениет экологиясы т.с.с.
Н.З.Котелованың пікірінше, неологияны өз зерттеу нысаны бар жаңа ғылым ретінде қарастырар болсақ, төмендегі мәселелер оның зерттеу нысанына енеді:
а) көнерген сөздіңжаңа мәнге ие болуы, мысалы, ескі сөздіңтұтастай не жеке мағыналарының терминденуі немесе «мерзімдік» не стилистикалық реңкінің өзгеруі;
ә) сөзөзгерім жүйесінің жаңа формаға ауысуы: түрленбейтін сын есімдердің шырай категориясын алуы не көптік формада түрленбейтін зат есімдердің көптік формасын қабылдауы;
б) сөздің жаңа тіркесім түзуі;
в) сөздің жаңа лексика-грамматикалық қызметі, мысалы, жаңа модельдерге шылаулардың не тұрақты бір сөздердің қолданылуы [1, 34].
Ал тілдік бірліктердің жаңалану дәрежесіне байланысты неологизмдер екіге бөлінеді:
а) абсолютті; ә) қатыстық.
Қатыстық неологизмдерді кейде функционалды неологизмдер деп те атайды.
Абсолютті неологизмдерге нақты сипаттама берілмей келеді. Оның негізгі сипаты тілде бұрын-соңды болмағандығымен анықталады. Мысалы, қазіргі таңда оқу үдерісінде қолданыста жүрген эдвайзер, кредиттік технология, триместр т.с.с.
Қатыстықнеологизмдеркатегориясыорыстіл білімінде Т.Н. Попованың зерттеуінде танылған. Бұл неологизмдер қатарына тілде бұрыннан бар тіл бірліктерінің жаңалануы жатқызылады. Осы қатарға жататын сөздер тобына нақты тоқталайық:
«Қайта оралған лексика» деп аталатын топ. Бұл қолданыста белсенділігі төмен сөздер мен көнерген сөздердің соңғы кезеңде белсенді қолданылуынан пайда болып қордаланады. Бұл кезде белсенділенген сөздердің бастапқы мағыналары мен стильдік реңктері сақталады. «Қайта оралған лексика» қатарына терминдік сипаттағы діни сөздер де жатады. Сонымен бірге бұл қатарға мемлекеттік органдар мен білім беру орындарының бұрынғы атауларының қайта қолданыстағы белсенділенуі нәтижесіндегі сөздер де жатады: гимназия, лицей, баж.
Әдеби тілде бұрыннан белсенді қолданылатын, бірақ соңғы кезде жаңа мәнге ие болған сөздер. Мысалы, демеу, демеуші сөздері әдеби тілімізде белсенді қолданыстағы сөз болса, кейінгі кезде демеушілік жасаушы мәнін арқалайды.
Тілдің өз ішіндегі ауысу нәтижесіндегі сөздер. Бұл тілдің ауызекі сөйлеу жүйесінен, терминжүйесінен, арго және жаргон, диалект, арнайы кәсіби лексикадан әдеби тілге тілдік бірліктің ауысуы нәтижесінде пайда болады [2, 31]. Мысалы, арнайы лексикаға жататын мына терминдерді түсінбейтін тіл тұтынушысы жоққа тән: СПИД, ВИЧ-инфекция, мануалды терапия; жастар мәдениетіне тән жаргон сөздер: пирсинг, рэп, тусовка; бизнес пен қаржы ісі терминдері: бартер, брокер, инфляция. Жаңа сөздер не неологизмдер жаңа түсініктерді атау қажеттілігінен туындаған. Олар-дың пайда болуына әсер еткен сыртқы жағдайлар сипатына сай жаңа сөздердің де тілдегі өмір сүруі мен қолданылуы түрліше болады. Олар-дың кейбірі әлеуметтік мәселелерге қатысты болып, тарихи жағынан құн-
110
дылыққа ие бола алса (мысалы, мемлекеттің жаңа түрінің пайда болуына байланысты: жариялылық, қос палаталы т.с.с.), енді бірі қысқа мерзімдік болады (мысалы, киім не шаш, аяқ киімге қатысты сән үлгілерінің атаула-ры). Негізінен, жаңа сөздің пайда болуы тілдегі бүрыннан қалыптасқан, белсенділігі жоғары, сол кез үшін өнімді тәсілдермен жасалып отыра-ды. Қалай болғанда да жаңа сөз жасалғанда, ескі не көне сөз мағынасы жағынан жаңғырады да, жаңарады, болмаса, жаңа сөз кірмелік сипатта болады. Сонда неологизм дегеніміз - жаңадан пайда болған сөз не тіркес немесе бұрыннан бар сөздің жаңа мағынаға ие болуы, я болмаса, өзге тілден жаңа түсінікке сай енген сөз, сөз тіркесі.
Әр дәуірге сай терминдердің тарихи лексикологиялық жіктелуі құрылады. Олардың қатарында термин-архаизм, термин-неологизмдер болады. Термин-неологизмдер қалыптасушы терминжүйеге тән. Термин-архаизмдер ғылыми білімнің өсуімен байланысты пайда болады да, тілдің лексикалық бірлігі ретінде сақталып, жаңа терминжүйенің құрамында жаңа мағынаға ие болуы мүмкін. Олардың арасында терминге айналған көнерген сөздер де белсенді кездеседі. Мысалы, мемлекет пен құқық саласында «бағынышты, тәуелді» мағынасын білдіретін «бодан» сөзі «подданство» мағынасында термин ретінде қалыптасқан. Дәл сол сияқты «кежеуіл-телохранитель», «қарымжы-задаток», «бопса- шантаж», «болыс-волость», «ереуіл-забастовка», «сыбаға-паек», ақпараттық технологияда «ауани жады-виртуальная память», «айқұлақ-знак», «нобай-версия» сияқты көптеген сөз тілімізге қайтаоралып, термин ретінде қалыптасқан.
Көріп отырған терминдік жаңа атаулар қолданыстағы белсенділігі төмен көне сөздердің қайта қолданысқа жаңа терминдік мән арқалап енуінен жасалып тұр. Байқап отырғанымыздай, олардың жасалуы мен іріктелуінде уәждік негіздемелері айқын байқалады. Осы қатардағы өте көне сөздердің неологизмге, жаңа термин сөзге айналуына жеке-жеке тоқталар болсақ, «айқұлақ» таңбасы - лексикалық архаизм, сыртқы формасының ұқсастығына байланысты, яғни метафоралық жолмен терминденіп, синтаксистік-аналитикалық тәсілмен жасалған. Сол сияқты «ауани жады» көнерген сөздердің тіркесуі арқылы жаңа терминдік сипатқа ие болып тұр.
Жоғарыда көрсетілген терминдердің бәрі терминжасамның барлық тәсілімен жасалып, оған тән қасиеттерге толық сай. Олай болса, көнерген сөздерді қайта жаңғыртудың бір жолы оларды терминдендіру болып табылады. Бұл арқылы ұлттық терминлогиямызды қалыптастырамыз. Сонымен бірге көнерген сөздердің (тарихи сөздер мен архаизмдердің) қоғамда соларға қатысты ұғымдардың сол күйінде не ұқсас сипатта қайта оралуына сай терминдік қатарда неологизм сапасында таныла алады және бұл құбылыс неология ғылымы мен терминжүйеде қатар қарастырыла алады.
111
Достарыңызбен бөлісу: |