Денелердің қозғалысын алғаш рет тәжірибе жүзінде XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында зерттеген Галилей болды. Оның еңбектерінің негізінде Ньютон қозғалыстың мынадай бірінші заңын тұжырымдады: егер бір денеге екінші бір дене әсер етпесе, ол тыныштық күйін сақтайды немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалады.

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыспен тыныштық күйге ортақ шарт-денелердің үдеуінің нольге тең болуы. Олай болса дене Жерге қатысты үдеу алу үшін, оған басқа денелер әсер етуі керек.
Сырттан әсер болмағанда денелердің жылдамдықтарын сақтау қасиетін инерция деп атайды. (латынның «inertia» -әрекетсіздік деген сөзінен алынған). Сондықтан жоғарыдағы заңдыинерция заңы, ал сыртқы әсер болмаса да денелердің қозғалуын инерция бойынша қозғалу деп атайды.
Егер денелердің әр нүктесіне әртүрлі әсер болса, онда ол бөліктер түрлі үдеу алады да, белгілі уақыттан кейін түрлі жылдамдықпен қозғалады. Соның салдарынан денелердің қозғалысыныңсипаты толық өзгереді. Мысалы, шауып келе жатқан аттың үстіндегі адам ат кілт тоқтағанда, алға қарай еңкейеді. Оның себебі аттың белі мен адам бөксесінің жылдамдығы үйкеліс салдарынан бірдей күрт азаяды, ал адам кеудесі басының жылдамдығы алғашқыдай болғандықтан (өзгермейді) бөкседен жылдамырақ қозғалып, алға ұмтылады.