Барлық қозғалыс салыстырмалы, өйткені әртүрлі санақ жүйесінен қарағанда бір қозғалыстың өзі, оның себептері түрліше түсіндіріледі. Ал кейбір санақ жүйесі тұрғысынан қозғалыс себебі оңай түсіндіріледі. Сондай санақ жүйелерінің бірі Жер.
Динамика механиканың негізгі тарауы, ол Ньютон заңдарына негізделеді. Бұл заңдар оған дейінгі ғылымдардың және Ньютонның өзінің бақылауларының ғылыми тұжырымы ретінде оның 1687 ж. шыққан «Табиғи философияның математикалық бастамасы» деген еңбегінде келтірілген.
Онда динамиканың негізгі мақсаты- материалдық нүктенің оны қоршайтын денелермен әсерлесуі белгілі болса, оның қозғалыс заңын анықтау, яғни оның координаттары уақыттың функциясы ретінде өрнектелетіндігі айтылады.
Әрине материалдық нүктенің қозғалыс заңы белгілі болса, онда оның қоршаған денелермен әсерлесу сипатын білу динамиканың екінші кезеңдегі мақсаты болмақ.
Бұлардың екеуінің де шешуі Ньютон заңдарын қарастырмас бұрын кинематикалық шамалардан басқа (координаталар, жылдамдық, үдеу) динамикалық параметрлер (күш, масса) ұғымын енгізуіміз керек.