7.1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік Статистиканың негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің уақытқа байланысты өзгеруін зерттеу. Бұл міндет динамикалық қатарларды құру, оларды талдау арқылы жүзеге асырылады. Динамикалық қатар деп статистикалық көрсеткіштердің уақыт бойынша орналасқан мәндерін айтады. Динамикалық қатарлар екі элементтен тұрады: қатар деңгейі уақыт көрсеткіші Құбылыстың шамасын, мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштің белгілі бір уақыттағы сандық мәнін қатардың деңгейі дейді. Уақыт көрсеткіші арқылы күн, ай, тоқсан, жыл сияқты уақыт бірліктері анықталады. Динамикалық қатарларды кесте түрінде былай көрсетуге болады. Динамикалық қатар мұндағы i t – уақыт көрсеткіші; iy – қатар деңгейі. Динамикалық қатарлардың түрін мынадай белгілер бойынша анықтайды: 1. Қатар деңгейінің қандай шама арқылы өрнектелгеніне байланысты динамикалық қатарларды былай жіктейді: абсолютті шамалардың динамикалық қатарлары; қатысты шамалардың динамикалық қатарлары; орташа шамалардың динамикалық қатарлары. Осы аталған қатарлардың ішінде абсолютті шамалардың динамикалық қатарлары құбылыстардың дамуын мейілінше толық сипаттайды. Мысалы, жалпы шығарылған өнімнің, бөлшек тауар айналымының динамикасын абсолютті шамалар арқылы өрнектейді. ҚР жалпы ұлттық табысының динамикасы көрсетілген. ҚР жалпы ұлттық табысы .Көрсеткіш 2005 2006 2007 2008 2009 Жалпы ұлттық табыс, млрд. теңге 6877,5 9021,8 11261,9 13728,0 15115,7 Қатысты шамалардың динамикалық қатарлары арқылы белгілі бір көрсеткіштің өсу қарқынын, көрсеткіш үлесінің өзгерісін, құрылымдық өзгерістерді сипаттауға болады. Мысалы, жан басына шаққандағы жалпы шығарылған өнім динамикасын, тауар айналымы құрылымындағы динамикалық өзгерістерді талдау үшін қатысты шамалардың динамикалық қатарлары қарастырылады. Төменде келтірілген ҚР жалпы ішкі өнімінің құрылымы ақырғы пайдалану әдісі бойынша есептелген. ҚР жалпы ішкі өнімінің құрылымы, % Көрсеткіш 2005 2006 2007 2008 2009 Ақырғы тұтыну шығындары Жалпы қорланым Таза экспорт 61,1 30,1 8,8 55 9 33,4 10,7 56,1 37,2 6,7 53,7 26,2 20,1 59,0 32,8 8,2 Барлығы 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0. Орташа шамалардың динамикалық қатарлары құбылыс деңгейінің өзгерісін көрсету үшін қолданылады. Мұндай қатарлардың мысалы ретінде халықтың жылдық орташа санының, экономика салаларындағы орташа жалақының динамикасын келтіруге болады .Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы динамикасы 2006 2007 2008 2009 2010 Орташа айлық атаулы жалақы, теңге 40790 52479 60734 67333 77482 2. Уақыт көрсеткіші бойынша динамикалық қатарлар екіге бөлінеді: мезеттік (мезгілдік) интервалды Мезеттік қатарда қатар деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт мезетіне (мысалы, айдың, тоқсанның, жылдың басындағы мәліметтер) байланысты сипаттайды. Төменде берілген Қазақстан халқының саны туралы мәліметтер мезеттік динамикалық қатардың мысалы болады. Қазақстан Республикасы халқының саны (мың адам) Көрсеткіш 2007 2008 2009 2010 2011. Халықтың саны, жыл басына 15396,9 15571,5 15982,3 16204,6 16441,9 Интервалды динамикалық қатарда қатар деңгейі құбылысты белгілі бір уақыт аралығына (айлар, жылдар) байланысты көсетеді. Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің динамикасы. Көрсеткіш 2005 2006 2007 2008 2009 Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге 7590,6 10213,7 12849,8 16052,9 17007,6 3. Даталар немесе интервалдар аралығына байланысты динамикалық қатарлар толық және орта болып бөлінеді . Толық динамикалық қатарларда уақыт мезеті немесе уақыт аралығы бірдей интервалмен беріледі Қазақстандағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық динамикасы Көрсеткіш 2006 2007 2008 2009 2010 Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам 8028,9 8228,3 8415,0 8457,9 8610,7 Ал орта қатарларда бірдей интервал -ҚР жалпы ішкі өнімінің нақты көлем индексі Көрсеткіш 1998 1999 2001 2005 2007 2010 ЖІӨ-нің нақты көлем индексі, % 98,1 102,7 113,5 109,7 108,9 107,3 Динамикалық қатарлар мынадай талаптарға сай құрылу қажет : дамуды кезеңдерге бөлу, яғни зерттелетін құбылысты уақыт бойынша біртекті кезеңдерге бөлу. Мұндай бөлу әр кезең көрсеткішінің даму заңдылығын айқындауға мүмкіндік береді.Қатар деңгейлерінің салыстырмалы болуын қамтамасыз ету. Бұл талап бойынша қатар деңгейін анықтайтын көрсеткіштерді есептеу үшін бірдей әдіс, бірдей өлшем бірліктері, бірдей аумақтық шекаралар қолдануы тиіс. Сол сияқты әр деңгейдегі бақылау объектілері де бірдей болуы қажет.Қатар деңгейлерінің хронологиялық тәртіппен жүйелі түрде анықтау, яғни уақыт интервалының шамасы зерттелетін құбылыстың даму қарқындылығына сайын анықталуы керек. Статистикада динамикалық қатарларды мынадай міндеттерді шешу үшін қолданады. Құбылыстың әр түрлі уақыттағы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;- құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау; - құбылыстың даму үрдісін айқындау; - құбылыстың кезеңдік, маусымдық ауытқуларын зерттеу; - құбылыс дамуына болжам жасау. Осы міндеттерді шешу үшін алдымен динамикалық қатардың көрсеткіштер жүйесі анықталады.