Дінтануды оқытудың әдістемесі



бет6/6
Дата19.12.2021
өлшемі52,48 Kb.
#103414
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
емтихан

3. Батыс еуропа мұрасының маңызды бір қыры – Еуропа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, талантдарын іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінің, елінің жаратылысының өзі Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай - дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. Абай мұрасының батыс еуропа әдебиетімен байланыстары әртүрлі тұрғыдан, бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, қоғамдық, әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. Абай мен батыс еуропа әдебиеті н сөз еткенде бүл атаудың шартты түрде алынғанын ескеру керек. Өйткені, дүниенің бір бөлігі - Еуропада толып жатқан халықтар әдебиеттері ішінен негізінде жалпы әлемдік, адамзатқа ортақ ежелгі грекрим мұраларының жекелеген нұсқалары, ағылшынфранцузнемісполяк ақын-жазушыларының туындылары қазақ ақынының шығармашылық жолында жақсы игерілген, олармен үндестіктер, сырластықтар, көркемдік ой ізденістердегі сабақтастықтар тапқан, ал бірқатары қазақша аударылған. Батыс Еуропа халықтары көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын шығармаларының кейбір еуропалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер - бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде, Еуропа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында Абай Құнанбаевтың орны ерекше. Ақын еңбектерінің биік нысаналы өрісінің тағы бір қыры - М. О. Әуезов сөзімен айтсақ, «езінде Еуропа, өзі Еуропада боп, қарға тамырлы боп байланысқаны... Бүл белгі - сүйсінерлік нағыз ірі белгі» (М. Әуезов Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А., 1967, 264-6.). Қазақ филологиясының абайтану саласында Әуезов айқындап кеткен ғыл. тұжырым бойынша Абайдың ақындық қызметінің негізгі үш түп төркіні: алдымен, қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, дамытып жеткізген өз даналығы, ауыз әдебиеті қоры; екінші - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик. көркем поэзиясы, үшінші - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Еуропа мәдениеті десек, «ез заманы үшін, әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек» болған Абайдың ақындық білімінің кемелденіп толысуына, өрісінің кеңеюіне апаратын даңғыл жолды тап басатынымыз сөзсіз, бүл Абайтану ғылымында едәуір зерттелген мәселе. Алайда ақынның орыс мәдениеті арқылы Еуропа мәдениетімен байланысы, Еуропадан алған нәр, оның ақындық жолында қандай іздер мен өрнектер қалдырғаны әлі арнайы зерттелген жоқ.

Еуропамен таныса келе Абайдың «Шығысым - батыс, батысым - шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі болса керек. Бүл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Еуропа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес, үлкен ойлы, терең толғаулы ізгі ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, улы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-қабілетімен керінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Еуропа елдерінің мол қазынасына жалғыз езі жол тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсті.



Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Еуропалық философиятарихмәдениетәдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған, күнделік, не басқа да жазба деректер жоқ, жазылды ма, жоқ па - ол жағы да беймәлім. Алайда Абай өмір сүрген кезде Қазақстанда, Семейде болып, осы аймақты, әсіресе, оның тынысын жан-жақты зерттеген, Семей кітапханасының қорын тәптіштей сипаттап, ақын туралы жазба мәліметтер қалдырған американ жазушысы, публицист Дж. Кеннанның деректеріне және Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің Семейдің кітапханасы каталогінің (1902-1910) тізімінде көрсетілген мәліметтерге қарағанда Абай білген Батыс Еуропа кітаптары едәуір қомақты болған. Сол кезде Семей кітапханасында СпенсерСпинозаР. ДекартД. С. МилльДрэперЧарлз ДарвинУ. ШекспирИ. В. ГетеФ. ШиллерГ. ГейнеД. БайронО. БальзакА. МицкевичА. Дюма т. б. авторлардың шығармалары жинақталыпты. Семей кітапханасының тұрақты оқырманы болған Абайдың рухани өрісінің кеңейе түсуінің бір қыры - осы. Бұл хақында Әуезов:

«Батыс Еуропа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп етеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Еуропаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Еуропа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Еуропаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Еуропа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Еуропа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі»,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет