Мектеп серіктестігінің болашағының мақсаты:
Серіктестік арқылы мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық технологияларды еркін меңгеруін қамтамасыз ету, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Міндеттері:
IT технологиялар саласында педагогикалық кадрларды дайындау және қайта даярлауда шетелдік озық тәжірибелерді пайдалану;
Пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану.
Бұл серіктестікте жоғары сынып оқушылары мен ағылшын тілі мұғалімдеріне тілді үйрену және қолдану ға мүмкіндік берсе. Ал бастауыш сынып мұғалімдері мен басқа да пән мұғалімдеріне көмегі аздау деп ойлаймын. Бірақ мектеп аралық қоғамдастық жоқ. Сондықтан қазіргі таңда №67 мектеп лицейімен қарым қатынаста жұмыс істеуді бастадық. Мектеп аралық желілік желілік қоғамдастық құрдық. Сол қоғамдастық желіні болашақта дамытуға, ұлғайтуға жоспарлаймын. «Қазіргі заманғы ұйымдар желілерінің білім мен инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде» (МАН І деңгей 51-бет). Мектеп аралық қоғамдастықта өзіміздің жаңаша өткізіп жатырған іс-шараларымызбен тәжірибе алмасамыз деп ойлаймын.
5. Мұғалімдер білім беру технологияларын пайдаланудың дағдыларын, сондай-ақ оқушылардың оқу үдерісін бақылауды оңтайландырудың тиімді құралы ретінде ақпараттық менеджмент жүйелерін жетік меңгерген бе?
- Жоқ толық емес. «Cыныптағы оқыту туралы ойлау үдерісін жетілдіретін құралдар мен стратегияларды мектебімізде пайдаланамыз ба?»Кейде 67% жауап берген. Барлығы бірдей біле бермейді. Бірінші деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастарды жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. (МАН І деңгей 7-бет) Алған білімді, бала өмірде пайдалана білу керек. Шамалы енді екі жылда мектептегі барлық мұғалімдерді деңгейлік бағдарламаны меңгерген мұғалімдердің көмегімен үйретуге болады. Оқуға барғанша дейін оларда бұл оқу туралы түсінік толық қалыптасады деп ойлаймын.
6.Мұғалімдерде оқыту ортасын әзірлеу, іске асыру, басқару және жоспарлауды әріптестерімен бірлесіп жүргізуге мүмкіндік бар ма?
- Әрине бар, сауалнама да сұхбаттар да себеп болды. Өйткені директор алдындағы отырыста мен өзімнің оқыған оқуым туралы айтуым керек болғанда жағдай болды. Мектеп әкімшілігі қолдау көрсетеді. Себебі оның айғағы менің І деңгейлік курсына барып оқығаным. Мұғалімдерге толық мүмкіндіктер жасалынған. Шығармашық тобымыздың жұмыс бөлмесін әдістемелік орынбасары Мейрамгүл Убайдоллақызының қолдауымен әдістемелік бөлмесінен ашып отырмыз. Сол жерде дөңгелек үстел құрып апта сайын кездесеміз. Коучингтер мен отырыстарды Кеңесу залында өткіземіз.
7. Мұғалімдерге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін іс-тәжірибесін сыни бағалау қажет пе?
- Әрине керек. «Құндылықтарымызды және оларды күнделікті іс-тәжірибемізде қолдану сипатын талқылаймыз ба?» сұрағында да 67% кейде деп жауап берген. Мұғалімдер өз іс тәжірибесін бағалап есеп беріп отырса ғана келесі жұмыстарды қалай шешу жолдарын түсінер еді. Әрбір жасаған іс әрекетіңді бағалай отыру керек. Бұл жөнінде де мұғалімдерге білім қажет болады. Біз бұны коучинг, дөңгелек үстел аралығында бастап кеттік. Әрине әрбір мұғалім өз пәні бойынша, қолданылатын технологиясы бойынша есептер жазады. Бірақ есептеріміз әрқашанда бір жақты тек сипаттау ғана болатын сияқты. Ол жерде мұғалім мен оқушы толғанысы мен пікірі көрсетілмейді. Міне осы сұрақтарды қарастыра отырып шығармашылық топ мүшелерінің де қызығушылықтары артты. Өзгерісті тек қана коучинг пен тәлімгерлік, іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары мен жаңаша құрылған сабақтар өткізумен енгізуге болатынын түсіндім.
Мектебіме өзгерістерді енгізу үшін мен оқуға байланысты жоба бастадым.
Жобаның тақырыбы: Оқу нәтижелерін жақсартудағы көшбасшылықтың ролі.
Мақсаты: Мектеп көшбасшылығы мұғалімдерге оқушыларды оқыту әдістерін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оқушылардың оқу сапасын арттыруға ықпал ету. Қолдау көрсету, бағалау және оқыту сапасын арттыру.
Міндеттері:
1. Мұғалімдердің мониторингін жүргізу және бағалау.
2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында Коуч мұғалімдер даярлау, коучингтер ұйымдастыру. Менторлық жұмысты дұрыс ұйымдастыру.
3. Бірлескен жұмыс мәдениеті. Мектепішілік және мектептер арасында қауымдастық құру.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер өз сабағында көшбасшы екенін түсінеді.
Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары артады.
Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін зерттеуді үйренеді.
Мұғалімдер сабақтарында оқушы жетістіктерін бағалауды үйренеді.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы мағұлымат алады, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатады.
«Оқушы үнін» тыңдай отырып сабақты жоспарлауды үйренеді.
Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуда бірлесіп жұмыс істеу арқылы білім алуды үйренеді.
Әңгіменің түрлерін енгізу арқылы оқушылардың сөйлеу тілдері, ойлары артады;
Топта бірлесе жұмыс атқарады;
Қоғамдастықта ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.
Сонымен мен бірінші коучинг тақырыбын «Педагогикалық қуатты құралдар: бағалау.», Бірінші коучингіде бағалаудың түрлері мен қолдану аясын қарастыратырдым, Себебі қандай да болсын іс әрекет бағалау болып табылады. Коучингіме қатысамын деп ниет еткен мұғалімдердің барлығын тарттым. Өзім де таныс емес сыныпқа сабақ беруді жоспарладым. Өйткені ол мұғалімдердің өтініші болды. Бірінші таныстырылымда өзіне тәлімгер болуымды өтінген бастауыш сынып Ж-бен тәлімгерлік жұмысымды жоспарладым. 3 және 4- сынып мұғалімдерінің қызығушылықтары артып сабақ беруде жаңалықты енгізуге дайын екендерін айтты. Аталған мұғалімдер мен іс-әрекеттегі зерттеу мен коучингіде алынған білімдерін сабақта қолданылуын жоспарлады. Сонымен қатар биылғы бастауыш он күндігінде мектеп әкімшілігімен келісе отырып мұғалімдер жұмысын жаңарту мақсатында Lesson study тәсілін енгізідік. Осы тақырыпта коучинг ұйымдастырдым.
Бірінші мұғалімдерді топтарға бөлдім. Кез келген еркін тақырыпқа суреттер салуға тапсырма бердім. Мұғалімдер қызыға тапсырмаларды орындады. Суреттері өте әдемі шықты. Мен суреттерге төмендетілген бағалаумен бағаладым. Мұғалімдер өздерінің бағаларымен келіспейтіндерін білдіріп жатты. Т. Деген мұғалім «барлығымыз шаршадық, тезірек үйге кеткіміз келіп отыр сондықтан, үйдің суретін салдым.» Бір кезде мен олардың төмен баға алғаннан кейінгі көңіл күйлерін сұрадым. Олар өз ойларын білдірді. Т. «менің көңілім түсті», Г. «реніш» деп айтты. «Егерде мұғалім оқушыларды осылай бағаласа, оқушы қандай күйде болады?» Әріптестерім мұғалім оқушыны осылай бағаласа оқушының қандай күйде болатынын сезінгендері туралы білді.. «Мұғалім бағалауда қандай қателіктер жіберді?» деген сұрағыма, әріптестерім: «Бағалау кретерийлері болмағанын, жұмыс талабы талқыланбағаны, оның бағаланатыны, тәртібі айтылмағанын» айта бастады. Мұғалімдер осы тәсілден кейін серпіліп, қызығушылықтары оянып, көз алдымда өзгере қалды Байқағаным, мұғалімдердің қызығушылықтары байқала бастады. «Сабақта сіз бағалауды қалай қолданасыз?» сұрағына пікірлесу болды. Сабақта мұғалімдер сабақ соңында ғана бағалайтынын, 1-сынып мұғалімдері «бағдаршам, смайлктар, жұлдызшалар» арқылы бағалайтындарын айтты. Сергіту кезеңінде билеттім. Слайд арқылы, таратылған рессурстар арқылы бағалау түрлері мен оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаумен таныстырдым. Оқыту үшін бағалау мен жиынтық бағалау туралы мәлімет алды. Сонымен қатар бағалау сабақ соңында ғана емес сабақ барысында да жүретінін білді. Қызу пікірлесу жүріп, өз ойларын айта бастады. Бастауыш сыныптарда қолдануға болатын бағалау түрлерін аштық, қай кезде қолдану аясын қарастырдық. Коучинг соңынды мұғалімдерден кері байланыс алдым. Мұғалімдердің қызығушылықтары артып, әртүрлі сұрақтар туындады. Барлық сұрақтарына жауап беруге тырыстым. Сол сұрақтардың ішінде: «Топттық жұмыстарды қалай ұйымдастырайық? Оқушылардың белсенділігін арттыруға болады? Көптеген оқушылар орыс тілді, қалай сөйлеу тілдерін дамытуға болады?» Кері байланыста мұғалімдер «Маған коучинг ұнады. Коучинг қызықты өтті. Бағалау туралы білім алдық.» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |