Тегі, аты, әкесінің аты:
Өтен
Нұргүл
Надыр-Әлиқызы
Білімі: жоғары, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институты, Бастауышты оқыту педагогикасы мен методикасы 1993 жыл
Диплом бойынша мамандығы:
Бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс орны, атқаратын қызметі:
№54 мектеп-лицейі, бастауыш сынып мұғалімі мұғалімі
Білім беру ұйымындағы еңбек өтілі: 20 жыл
Біліктілігін көтеруі:
2013 жыл Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің , бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсы
Жобаның тақырыбы: Оқу нәтижелерін жақсартудағы көшбасшылықтың ролі.
Мақсаты: Мектеп көшбасшылығы мұғалімдерге оқушыларды оқыту әдістерін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оқушылардың оқу сапасын арттыруға ықпал ету. Қолдау көрсету, бағалау және оқыту сапасын арттыру. Міндеттері:
1. Мұғалімдердің мониторингін жүргізу және бағалау.
2. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында Коуч мұғалімдер даярлау, коучингтер ұйымдастыру.
3. Бірлескен жұмыс мәдениеті. Мектепішілік және мектептер арасында қауымдастық құру.
Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Өтен Нұргүл Надыр-Әлиқызының есебі
Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарамын. Педагогикалық еңбек өтілім 20 жыл.
2013 жыл, 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтадым.
2013 жылдың қараша айында мектепке тәжірибеге келгеннен бастап мен өз жұмыстарымды бастап кеттім. Мектепке ең бірінші коуч, коучинг, ментор, менторлық ұғымдарын енгіздім. Коучинтер өтізген күннен бастап мұғалімдерге оқыту мен оқуды қалай жақсартуға байланысты әдіс –тәсілдер туралы айтып түсіндіруден жалықпадым. Сабақтарына қатысып, нұсқаулар беріп отырдым. Мен бұрынғыдай мұғалім ғана емес сонымен қатар өзімнің басқа адамдарға да қажет екенімді түсіндім.
Аз уақыттың ішінде мектепті түбегейлі өзгерту әрине қиын. Бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімдердің негізгі функциясы – оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылады. (МАН І деңг. 4-бет.) Мен өзгерісті неден бастау керек екенін анықтау үшін сауалнама алдым.
Сауалнама нәтижесін есептеп кесте мен диаграммасын құру тіпті қызық болды. Осы уақытқа дейін өзіңнің оқытудағы проблеманы анықтау үшін сауалнаманың маңызы зор екенін байқамаппын. Сауалнаманың нәтижесін саралай отырып, анықталғаны оқушылардың жетістіктерінің сабақта мұғалімнің бағалануы, топтық жұмыстың жүргізілмейтіні, кері байланыс алынбайтыны байқалды. Сонымен қатар мұғалімдерге сабақты түрлендіру мен жаңашылдандыруға көмек керек екенін анықтадым. Ал ата-аналар сауалнамасынан да оқушылардың ойларымен түйіскендерін байқадым. Бірақ, осы сауалнамаларынан туындаған сұрақ көңіліме толмады ол үшін директордың орынбасарымен кездестім, әдістемелік орынбасарымен кездесіп сұхбаттастым. 4-сынып оқушыларының жұмыс дәптерлерімен таныстым. Мұғалімдердің сабақтарына қатыстым. Бастауыш сынып болғасын сабақта көрнекіліктер қолданылады. Бірақ, сабақ дәстүрлі өтеді. Мұғалімнің өзі сөйлеумен шектеледі. Оқушылар тыңдаушының рөлін атқарады. Сұрағым анықталды. Сонымен мен мектебімнің даму жоспарын құру үшін, өзімнің өзгеріс енгізу үшін шығармашылық топ құрдым. Топқа екінші, үшінші деңгейді аяқтаған өз жұмыстарына жаңалық енгізе бастаған мұғалімдерден құрылды.
№
|
Аты-жөні
|
Санаты
|
Пәні
|
Курстан өткен мерзімі
|
Сыныптары
|
Байланыс тел.
|
1
|
Оразбекова Г.А.
|
Жоғары
|
Бастауыш сынып
|
10.09.2012-26.11.2012
|
1
|
87758865357
|
2
|
Архамбекова М.Х.
|
1
|
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
|
10.09.2012-26.11.2012
|
8,10
|
87013719526
|
3
|
Сыздыкова Ж.Г.
|
2
|
Ағылшын тілі
|
10.09.2012-26.11.2012
|
8-9
|
87771805699
|
4
|
Боранбаева Э.С.
|
1
|
математика
|
09.04.12-25.06.12
|
7
|
87057641770
|
5
|
Мустафина А.К
|
1
|
Музыка және өзін-өзі тану
|
25.03.13-16.06.13
|
5-7
|
87774285723
|
6
|
Тұяқова З.С.
|
Жоғары
|
Орыс тілі және орыс әдебиеті
|
.25.03.13-16.06.13
|
10
|
87052673498
|
7
|
Рахлетова Ш.Т.
|
1
|
Информатика
|
22.07.-22.10.13
|
8-9
|
87011887105
|
8
|
Оспанәлі Г.А.
|
2
|
Ағылшын тілі
|
09.04.12-25.06.12
|
бастауыш сыныптар
|
87711533020
|
9.
|
Өтен Н.Н.
|
2
|
Бастауыш сынып
|
26.08.2013-26.12.14
|
бастауыш
|
87021125270
87055839769
|
Тобымыздың атын «Бастау» деп атадық.
«Үдеріс басталмас бұрын мектеп өзінің құндылықтарын, мақсаттарын,даму тұжырымдамасын қайта қарастырып, ұжым қандай жетістіктерге жеткісі келетінін шешіп алу керек». (МАН 74 бет). Мектеп лицейінің мақсаты: оқушыларға саналы да сапалы білім бере отырып, тұлға ретінде өмірде өз орнын табуға, қоғамда қалыптасуына, халқын, елін, Отанын сүюге тәрбиелейді. Бірақ осы сапалы білім мен саналы білім беру үшін мұғалімдерге кәсіби білім қажет. Сабақтар жаңаша түрлену қажет. Оқушылар білімі әділ, шын бағалануы керек.
Шығармашылық топтағы мұғалімдерді қатыстыра отырып, жұмыс жоспарын жоспарладым. Жоспарлау барысында мен 7 сұраққа сүйене отырып құрдым.
1. Мұғалімдерде педагогикалық стратегиялар ауқымы, оларды іске асыру жолдарын біріктіру қабілеті, сондай –ақ оларды тиімді және орынды пайдалану жөнінде жеткілікті білімі бар ма?
- Әрине біліктілік білімі жоғары, тәжірибесі мол, санаттары жоғары мұғалімдерде бар. Орта буынды және жас мамандарда бұл білім жоқтың қасы. Сауалнама мен сұхбаттар көрсеткендей «Сыныптағы оқу үдерісі оқушылардың өздеріне жауапкершілік алып, басқаларға ықпал ету қабілетін дамытуға әсері бар ма?» деген сұраққа, кейде дегендер 45%, Бұл жерде топтық жұмыстар, өзара бағалау болып табылады.
«Мұғалімдердің кәсіби даму мақсатындағы оқуы сыныптағы оқыту сапасына айқындаушы ықпал ете ме?» сұрағында да үнемі оқыту сапасына 45% кейде ғана қолданылып тұрғанын көрсетеді. « Оқушыларға өздеріне жауапкершілік алып, өз оқуының тәсілдері мен жолдарын өз бетінше таңдауға мүмкіндік беріле ме?» 67% кейде делінген. Осы мәселелерге түзету үшін тәлімгерлік дұрыс ерікті жағдайда құрылу керек. Мектептерде тәлімгерлік болғанымен керек кезінде қағаздарды тапсырса болғаны сонымен ғана шектеледі. Жас мамандармен сұхбаттасу барысында анықталғаны. Тәлімгерлер нағыз сабақтарына қатысып көмек тек пәндік онкүндікте, сонымен қатар құжаттарды дұрыс толтырумен шектелетін сияқты. Қалғаны жас маманның өзінің қателіктер жіберіп үйренгенімен толықтырылады. Және көбі мұғалімдер өздерінің нені білмейтінін айтудан қысылатыны. Мен де осы оқуға келмей тұрғанда солай болған сияқтымын. Бұл бағдарламаны оқып мен әріптестеріме де мектеп өміріне де басқаша көзқараспен қарайтын болдым. Кез келген жерде өз әріптестеріммен тіпті әр қайсысымен өз ойымды көзқарасымды, оқығанда білгенімді айтуға шаршамадым Жалғыз өзіме барлық жас мамандарға көмек беру мүмкін емес сондықтан бұл үдерісті жеделдету үшін тәлімгерлер тобын құрастырып, «тәлімгерлік циклын» қалай жүргізу керектігін үйрету. Сонымен қоса коучингке тарту. Жас мұғалімдер арасынан коуч мұғалім тағайындау керек.
2.Мұғалімдер бірлескен оқуға, оқушылардың «жаңалық» ашуына ықпал ететін, өздігінен оқуға және оқушының өз бетінше жасаған жеке «жаңалығын» ашуға көмектесетін стратегияларды пайдалана ма?
- Иә, арнайы технологияны оқыған мұғалімдер ғана қолданады. Бұл тек арнаулы таңдалынып алынған оқушылармен ғана шектеледі. Айта кетсек бұл әрекет міндеттеліп жасалынады. Бұл жағын оқушылармен, мұғалімдермен сұхбаттасқанымда аңғардым. . «Сабақ барысында топтық және жұптық жұмыс түрлері қолданыла ма?» деген сұраққа 64 пайызы сирек және 13 пайыз ешқашан деп жауап берген. «Ал мұғалім кері байланыс ұсынады ма?» деген сұраққа 22 пайызы сирек, ал 25 пайызы ешқашан деп жауап беріп отыр. Мысалы ғылыми жоба жазу кезінде. Сабақтарда бірлескен оқу мен бірлескен жұмыс ұйымдастырылмайды. Бұл жұмыстарды шын айту керек, ашық сабақта ғана мұғалім өз еңбектерін ғана көрсетуде қолданады. Мен өзімде білемін ғой, себебі мен де сол ортадан келдім. Өзімнің де әріптестерімнің де сабақтарын дәстүрлі, мұғалімнің жұмысын көрсету мақсатында ғана құрылады. Бұл да олқылықтың бірі. Бірлескен оқу - өзара іс – әрекет жасау философисы, ал бірлескен соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. (МАН І деңгей 36-бет) Сабақта оқушылар бірлесіп жұмыс жасағанда ғана білім сапасының артатынын мұғалімдерге түсінулеріне ықпал жасау керек. Осы жерде тәлімгерлік пен коучингтің әсері мол.
3.Мұғалімдер тұтастай алғанда оқу үдерісінің мәнін, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын, олардың эмоциональдық ахуалын және сыныптан тыс өмірін терең түсіне ала ма?
-Иә, мұғалімдер оқушылардың сыныптан тыс өмірі мен олардың жағдайлары туралы мәліметтер бар түсіне алады. Тіпті демалыс кездерінде де қайда болатынынан хабардар. Бірақ, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын немесе сабақ үстіндегі жағдайын түсіне бермейді екен. Оған көзім жеткені оқушылардан алынған сауалнама негіз болды. Атап айтсақ оқушының ұсынысында: «Мұғалім сабақта маған жеке көмек берсе екен. Мұғалім менің нәтижелерімді айтып мақтаса. Менің сабақта көңіл-күйімді байқамайды. т.б.» ұсыныстарын білдірген. ЭЫДУ-ның жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауының қорытындысы көрсеткендей «Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру , олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағұлымат болуға тиіс» делінген. (МАН І деңг. 6-бет). Мектепте барлық оқушыларға портфолио қолданылғанмен, онда оқушының толғаныстары туралы жоқ.
4.Мұғалімдер басқа мұғалімдермен, басқа білім беру ұйымдарының, кәсіби желілік қоғамдастықтардың және өзге де мүделлі серіктес ұйымдардың мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс істей ме?
-Иә, пән бойынша бірлестіктер жұмыс жасайды. Параллель сынып және бір кабинетте жұмыс жасайтын мұғалімдер бірлесіп, көмектер көрсетіп жұмыс істейді. Басқа жоғарғы, орта арнаулы оқу орындарымен де байланысып жұмыстар жүргізіледі. Қалалық, республикалық, облыстық, аудандық оқулар мен семинарларға, конференцияларға қатысады. Онда алып келген жаңалықтармен әріптестерімен бөліседі. Әрине мектеп басшылығы барлық қоғамдастықтарды қолдап олармен араласуға мүмкіндік жасайды. Оған дәлел мектепте «Әлемдік серіктестік» қоғамы жұмыс жасайды. Сонымен қатар мектебіміз Финляндия, Англия, Чехия, Индия елдерімен білім кеңістігіндегі серіктестік құрған.
«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» (Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан)
Достарыңызбен бөлісу: |