Диплом бойынша мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі Жұмыс орны, атқаратын қызметі



бет5/5
Дата05.11.2016
өлшемі1,24 Mb.
#591
түріДиплом
1   2   3   4   5

Мұғалімдер қайта жиналып, сабақты талдады. Сабақтағы үш оқушының іс әрекеті айтылды. Келесі күнге сабақ жоспары құрылды. Келесі сабақ әдебиеттік оқу. Тағы үш оқушының сабақтағы іс әрекетін бақылау. Сабақтың тақырыбы: «Атымтай Жомарт». Ой толғау кезінде тапсырылған топтық жұмыс кезінде «Мен бай болсам не істер едім» тақырыбында сурет салу, қорғау. С оқушы Аружанға көмек қажет болды. Ол қорғар кезінде өзінің тілі орысша болғандықтан қиналды. Бірақ бұрынғадай сөйлемей қалған жоқ. Керісінше жұмыстың қызығына түсіп өзін басқаша жағынан көрсетті. Ал, В Санжар өзінің суретті жақсы салатынын байқатты. А Мақсат қандай жағдайда да өзгерместен тіпті топ мүшелеріне де көмектесе білді. Сабақты бақылаған мұғалімдереге де сабақ берген мұғалімге де іс әрекеттегі зерттеуді мұғалімдер жұмыстарында тиімді екеніне ойларын бөлісті.

Lesson study тәсілі мұғалімдерге жаңаша жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Біріншіден мұғалімдер үш-үштен топтасып шығармашылық топ құрып, бірлесе жұмыс істеуді, бірлесе жоспар құруды, өз көзқарастары мен ойларымен бөлісуді үйренді. Сонымен қатар мұғалімдер сабақтарын бақылағанда жанашырлық сезімде болып, жоспарларына өзгертулер енгізіп, ең жақсы деген сабақ жоспарларын құрды. Онкүндік аясында бұл тәсіл ұнап мұғалімдерде келесі оқу жылына жұмыстарын жоспарлауда ұсыныстар туып, осы тәсілді ары қарай жалғастыратындарын айтты. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 2013-2014ж. Желтоқсан айынан сәуір айына дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалында оқыту бағдарламалары мен жоспарларын даярлауға қатыстым . Әрбір сабағымды жаңаша құруға тырысамын. Сабақтарымда топтық жұмыс түрлерін енгіздім. 2-сынып оқушылары болса да топта жұмыс істеуге тез дағдыланды. Сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым.

Алдығы келесі оқу жылында да шағармашылық топпен жұмысты жалғастырып, Lesson study тәсілін қолдануды жалғастырып, қалалық форумдарға қатысып тәжірибе алмасамыз. № 67 мектеп-лицейімен қауымдастықты жалғастырып, тығыз жұмыстар ұйымдастырамыз деп жоспарлаудамыз.

Өтен Нұргүл Надыр-Әлиқызы

Астана қаласы №54 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Өтен Нұргүл Надыр-Әлиқызы

Әссе

Деңгейлік оқуға дейін және деңгейлік оқудан кейінгі ой толғаныс

Деңгейлік оқуға дейін мен өз пәндік білімім бар стандарт талаптарын , қажетті білім бағдарламасын орындап жүрген қарапайым мұғалімдердің бірі болдым. Өз сабақтарыма жаңалық енгізу үшін журналдардан, газеттерден тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдердің еңбегін пайдаланатынмын. Ол тәсілдер мен әдістердің атын да білмейтінмін. Оқушыларым әрқашанда қандай әкімшілік тексерістер мен бақылаулардан, қалалық білім тексеру тесттерден жоғары ұпай алса, сол нәтиже, сол сапа деп түсінетінмін. Сол алған білімдерін оқушылар өмірлерінде қолдана алмай жатқанын, өмір ағымы мен талабы байқатты.



Деңгейлік оқудың бірінші (ілгері) курсының басынан бастап ол оқудың мақсаты мен міндеттерін түсінгеннен кейін, өзімнің осы уақытқа дейінгі беріп келген сабақтарым үшін ыңғайсыздандым. Бірінші деңгей бітірген мұғалімнің мақсаты мектепте қауымдастық құрып, мектептің даму жоспарына ықпал ету. Мен осы білімді алып, өзімнің мектептң дамыту жұмыстарын дамытуға міндеттеме алғаныма өте қуандым.

2013 жылдың қараша айында мектепке тәжірибеге келгеннен бастап мен өз жұмыстарымды бастап кеттім. Мектепке ең бірінші коуч, коучинг, ментор, менторлық ұғымдарын енгіздім. Коучинтер өтізген күннен бастап мұғалімдерге оқыту мен оқуды қалай жақсартуға байланысты әдіс –тәсілдер туралы айтып түсіндіруден жалықпадым. Сабақтарына қатысып, нұсқаулар беріп отырды. Мен бұрынғыдай мұғалім ғана емес сонымен қатар өзімнің басқа адамдарға да қажет екенімді түсіндім. Деңгейлі оқу курсы қандай мұғалімнің болсын белсенділігін оятады. Қазіргі таңда мектепте деңгейлі оқуды аяқтаған мұғалімдерді қатыстырып «Бастау» шығармашылық қауымдастығын құрды. Топтың жұмыс кабинеті мен жұмыс бұрыштары бар. Жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізіп отырамыз. Шығармашылық қауымдастығымыз апта сайынг кездесіп жүргізілген жұмыстарға талдау жасап, келесі жұмыстарға шолу жасаймыз.
Каталог: files -> sites -> 1383501656682723 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы көрнекті қайраткерлер. Сабақтың мақсаты: Білімділік
sites -> «№ `мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
sites -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
book-catalog -> Көрнекілігі: слаид Барысы: Әсел


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет