Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет16/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және өз құқығын қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында Б.Кәрімова жетекшілік ететін 1п ҚМҚ тобында колледж инспекторы, полиция аға лейтенанты Теміртасов Мейірбек Қайырұлымен кураторлық сағат өтті. Кездесу барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарын колледж инспекторына қойып, нақты жауаптарын алды. Бұл кездесуде теріс діни ағымдардан сақ болу, колледж ішінде смартфон ұстамау, ұсақ бұзақылық жасамаужәне басқа қылмыстардан аулақ болу туралы сөз қозғалды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, көшеде темекі шегу, шемекі шегу, түнгі 23.00-ден кейін жүрмеу секілді ұсақ бұзақылық жасағандарға , әр студент 27 сағаттан көп сабақ жібергендерге 10 МРП көлемінде айыппұл салынатындығы (22610 тенге), сондай-ақ орталықта 106 камера орнатылғандығы, колледж іші мен айналысында да орнатылған камералардың бәрі қылмыстық әрекеттерді болдырмаудың шаралары екендігін айтылып, студент оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін орындау керектігі айтылды. Егер жеке басындағы проблемалар туындаса, колледж психологы немесе колледж инспекторымен анонимді түрде ақылдасуға болатыны жөнінде ескертті.

«Әлемді өзгертем десең өзіңнен баста!» тренингтері арқылы ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл- күйін көтеру, қарым-қатынастың белсенді стилін дамыту бағытында өткізілді.

студенттерді шыншылдыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеумақсатында«Доссыз өмір -тұзсыз ас» тақырыбында тәрбие сағаты достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғымыз емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру. «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?» сұрағы бойынша ойларын білдіріп, топтық жұмыстар орындады.

Жастардың, әсіресе, жасөспірімдердің, залалды дағдыдан аулақ болуы үшін, зиянды әдеттің жиіркенішті жағын, ағзаға зиянды әсерін жете әрі толық айтып түсіндіру мақсатында 1ас ФК тобында (жетекшісі Г.К.Суйнгалиева) «Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың денсаулығына байланысты»тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, насыбай, оның зиянды жақтары мен қазіргі таңдағы қоғамды жайлап бара жатырғандығы туралы топ студенттерімен ашық әңгіме өткізіліп, онда топ студенттері өз ойларын ортаға салды, оны қолданған адамдардың ауруы туралы ақпарат берілді. Болашақта зиянды заттардан, соның ішінде насыбайдан сақтану керектігі туралы ескертілді.

ІҮ курста кәсіби біліктерін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар арқылы түлектер жұмыспен қамтамасыз етіліп, қоғамда өз орындарын табатынына сенімдіміз.

«Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделі бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар колледж студентерінің мәртебесін көтеруге, жеке тұлғаның әлеуметтік, адамгершілік, этикалық қасиеттерін, сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.

Үйірмелер мен клубтар
2017-2018 оқу жылында білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мен полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында колледжде жоспарлы әрі мақсатты түрде 7 клуб, 31 үйірме жұмыстанады.

Филология кафедрасында 5 клуб жұмыс жасайды: "Дарын","Зерде", "Вдохновение","Муза","Достық үйі"Оған 242 студент қатысады.



«Дарын» клубы - жетекшісі: А.Ж.Темрешова

Клуб құрамында 54 студент. (1п ҚМҚ, 1п ҚМБ, 2п ҚМҚ, 3п ҚМҚ, 3с ҚМҚ, 3а ҚМҚ, 2сКШО, 3аКШМ).



2017-2018 оқу жылында белгіленген жоспар бойынша клуб мүшелерімен оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Клубтың мақсаты дарынды студенттерді көркем әдебиетті сүюге баулып, көркем сөздің кестелі өрнектері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, ана тілін қастерлеуге баулу болғандықтан, әдеби-сазды кештер, оқырмандар конференцияларын, кездесулер өткізу, ақындар шығармашылығына арналған оқулар, жыр мүшәйрасын, түрлі байқаулар, танымдық кештер ұйымдастыру, студенттерді қалалық облыстық байқауларға қатыстыру, танымдық сайыстарды оздыру міндетке алынды.

«Дарын» клубының мүшелерін толықтыру мақсатында 1пҚМҚ және 1пҚМБ тобы студенттеріне арналған «Дарын» клубының жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында презентация өткізді. Клубтың 2000 жылы мәдениетті қолдау жылы аясында ашылғаны және сол жылдары клубты танымал ақын А.Таубаева басқарғанын, кейінгі жылдары А.Қыдырниязова жетекшілік етіп, дарынды студенттердің ақындық өнеріне ерекше мән беріп, көркем сөз оқуға баулығанын және қазір клуб өз жұмысын осы бағыттарда жалғастырып отырғанын баяндады. «Дарын» клубының мақсат-міндеттерін түсіндірді. Клуб қаламыздағы Ж.Молдағалиев, Х.Есенжанов кітапханалары, Қадыр Мырза Әлі мәдениет өнер орталығы, қазақ драма театры жән ЖОО мен кәсіптік техникалық колледж ұжымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқаратыны және клубта белгіленген жоспар бойынша әдеби-сазды кештер, түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілетінін әңгімелеп, клуб мүшелерінің соңғы 3 жыл көлемінде жеткен жетістіктеріне тоқталдым. Презентация клуб мүшелерінің өнерін тамашалаумен аяқталды.

Қыркүйек айында Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығында өткен «Өз дәуірінің дауылпазы»атты ақын, Сағынғали Сейітовтің 100 жылдық еске алу кешіне «Дарын» клубы мүшелері қатысты.



Кешке облыс әкімі Алтай Сейдірұлы бастаған бір топ қонақтар: ақынның қыздары Дидар мен Ділбар, жиен қарындастары және ақын Ақұштап Бақтыгереева, сазгер Ілия Жақанов сынды еліміздің белгілі адамдары қатысты. Шара жас жауынгер Сағынғали Сейітовтің майдан даласында, от пен оқтың арасында жүріп ақын атанған тұлғасын бейнелейтін көріністен басталды. Кеш барысында Ақұштап апамыздың, Ілия Жақановтың, қызы Ділбар апамыздың естелік әңгімелерінен, фоэдегі ақын шығармашылығына арналған көрмеден, 1917 жыл Ақжайық ауданы Өлеңті ауылында дүниеге келіп, 1936 жылы алғашқы өлеңі облыстық газетте жарық көргенін, ғалым Қ.Жұмалиевтің ықпалымен алғаш ҚазПИ-ге оқуға түсіп білім алғандығын, соғыс жылдарында ақын Жұбан Молдағалиевпен майданда «Отан үшін!» газеті редакциясында бірге жұмыс жасағандығын, алғашқы жинағы 1951 жылы «Большевиктер» деген атпен жарық көргендігін, атақ-абыройға қызықпайтын адал адам болғандығын және де І. Жақановтың «Айлы түн» әнінің сөзін жазған автор екендігі секілді тағы да басқа мәліметтермен қанықты. Болашақ тіл мен әдебиет мамандарына кештің тағылымдық мәні зор болды. Кеш «Оралдың ерке самалы» әнімен аяқталды.

Қыркүйек айында «Рухани жаңғыру –ұлттың жаңғыруы» атты филология кафедрасының пән айлығының ашылу шарасына клуб мүшелері белсене қатысты. Айлықтың ашылу салтанаты «Әуезов әлемі» деп аталып, ұлтымыздың ұлы жазушысы М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына арналды. «Әуезов-ұстаз» 2п КШК тобы, 3а КШК тобы студенттері «М.Әуезов-ғалым» тақырыптарында баяндады. 3пКШК тобы М.Әуезовтің туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер, кемел ойдың кеніші, кенен сөздің кеңшісі болғанын дәлелдеді.

1пКШК тобы ұлы тұлғаның қайраткерлік қырын ашты. 3сҚМҚ тобы «Абай жолы» роман –эпопеясынан үзінді Құнанбайдың қажыға аттануындағы Құнанбай мен Ұлжанның диалогінен көрініс қойды. Кеш соңында Т.Молдағалиевтің, Қ.М.Әлидің, Қ.Сариннің ұлы тұлғаға арнау өлеңдері оқылды.



Клуб мүшелері М.Әуезов туралы Р.Гамзатовтың, Бенжамен Матиптің пікірлерін жатқа оқыды.Шараны кафедра меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова қорытындылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет