Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет33/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40

12-15 желтоқсан аралығында колледждің волейбол командасы жетекшісі Б.Б.Қайырғали Бөрлі ауданы әкімінің жүлдесі үшін волейболдан ерлер командалары арасындағы ашық аудандық турнирге қатысып өз тәжірбиелерін одан әрі шыңдап,ерлер арасында ширек финалға дейін қатысып ойын көрсетті.15 желтоқсан күні оқытушы Қ.Б.Таубаев 2аКШФТ тобыменТәуелсіздік – төл мерекем тұғырлы!» тақырыбында жоспарлы ашық тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағаты мерекеге сай жоспарланып,өткізілді.Топ студенттері түгелдей қатысып,мерекелік безендірулер жасалып,Қазақстан республикасының мемлекеттік гимні орындалып,мемлекеттік рәміздермен таныстыру арқылы отанды сүю бағытында өткізілді.Желтоқсан уақиғасына байланысты бейне филм қойылып,топ студенттерінің спорттағы жетістіктерінен «Тәуелсіз қазақстан студенттерінің жетістіктері»көрмесі ұйымдастырылды. Оған колледждің жастар жетекшісі А. Махамбетова және тәрбие бөлімінің қызметкері Ә.Қ.Құрманәлі қатысты



Сонымен қатар колледж студенттері мерекеге арналған қала,облыс көлеміндегі жарыстарға қатысып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналып қол күресінен өткен облыстық жарыста 2аКШФ тобы Жексен Айдарбек қатысып І орынды иеленді.

17-19 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастуымен қазақ күресінен 1998-2000ж.т. жастар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізіліп, оған колледж командасы қатысты. 74 кг салмақ дәрежесінде 2аКШФТ тобы студенті Зайдолла Ақылбек І орын, 55 кг салмақ дәрежесінде 2аКШФТ тобы студенті Рақымжанов Нұрбай ІІІ орын, 2акШФ тобы студенті Қабдолов Армат І орын, Галламов Боранбай ІІІ орынды иеленді.

18-20 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастуымен қазақ күресінен 2000-2001ж.т. жастар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында Зайдолла Ақылбек ІІ орынды иеленді.



30 желтоқсан қысқы олимпиадаға қатысушы спортшыларды қолдау Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде қысқы спорт түрлерінің серпінділігін арттыру, қалың бұқараны спортқа тарту, салауатты өмір салты қағидаларын бекіту мақсатында еңбек ұжымдары, студенттер арасында көпшілік жүгіру марафоны оздырылып, оған Қ.Б.Таубаевтың ұйымдастыруымен колледж студенттері қатысты.

ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында салауатты өмір салтын сақтау әрбір Қазақстандық азаматтардың міндеті болуға тиіс. Осы мақсатқа сай дене тәрбиесі және спорт кафедрасында өткізілген шаралар жастар денсаулығын, спорттағы жетістіктерін одан әрі дамытуға бағытталған игілікті істер. Сондықтан бұндай жұмыстар одан әрі өз жалғасын таба бермек.


Өзін- өзі басқару кеңесі

Жас­тар — бұл мемлекеттің негізгі тірегі бо­ла оты­рып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері.Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті – студент жастардың өмірлік маңызды мәселелерін шешуге, студенттік ортадағы әлеуметтік белсенділікті арттыру процесін жеделдетуге, студенттердің тұлғалық қасиетін үйлесімді дамытуға, олардың көшбасшылық, жетекшілік қасиеттері мен машықтарын ашуға бағытталған студенттердің бастамашы, дербес, жауапкершілігі мол қоғамдық қызметінің бір түрі болып саналады.

Колледжде қазіргі студент, ертеңгі маманның ұлттық санасын, патриоттық сезімін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізіледі. Оқу орнында п.ғ.д Ш.Х.Құрманалинаның авторлығымен жасақталған «Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі» атты тәрбиелік жұмыс жүйесі жолға қойылып, әр студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Модельдің 5 бөлімі (Жанұя, Ұжым, Қоғам, Әлем, Мен-жеке тұлға) рухани-адамгершілік тәрбиенің 11 бағыты (Менің елімнің тарихы, «Менің арманым, мақсатым және менің болашағым», «Мен болмасам кім?», «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті», «Гендерлік көзқарас», «Қарым-қатынас этикасы», «Менің өмірімдегі дін», «Мен және қоршаған орта», «Менің халқымның салт-дәстүрлері», «Туған тіл», «Менің отбасым») бойынша жан-жақты дамыған құзыретті мамандарды тәрбиелеуде бірнеше тәрбиелік шаралар жүзеге асырылды.



«Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделі колледж студенттерінің мәртебесін көтеруге, жеке тұлғаның әлеуметтік адамгершілік, этикалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталады. Жалпы, колледжде ұйымдастырылған тәрбиелік шаралардың барлығы да жастармен жүргізілетін жұмыс жоспарының жастар саясатын іске асыру және оны барынша кеңінен таратудың жолдарын табуға, топтар арасында, колледжде оқу-тәрбие үдерістерін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу, студенттік ұжымдарда өзара көмек, шығармашылық жағдай қалыптастыру, әртүрлі бағыттарда байқаулар мен жарыстар ұйымдастыруға қатысу, колледждегі жастар мәселесін дер кезінде шешетін, жастар саясатын жүргізетін қоғамдық ұйымдардың жұмысын үйлестіру, жастар мәселесімен айналысатын ұйымдар және жоғарғы органдармен өзара бірлікте әрекет ету мақсатына бағытталған.

Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету және ынталандыру, саяси белсенділігін арттыру мақсатында «Нұр Отан» патиясының «Жас Отан» жастар қанаты, БҚО Жастар қауымдастығы, облыстық жастар мәслихаты, Студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штабы, «Жас эколог», «Ақжайық» КТК лигасы, «Ақиқат» пікір сайыс орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды белсене қатысады.



Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2050" стратегиялық жолдауында: "Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.

Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің жиыны өткізілді. Жиында өзін-өзі басқару ұйымының құрамына былтырғы студенттердің қатарына тағы суденттер қосылды. (3аКШК-9 тобы 19 студент, 2сКШО-9 тобы 20 студент, 2аМК-11 тобы 15 студент,РШО-9 тобы 10 студент, 2пКШК-11 тобы 10 студент, 2асКШИ-9 тобы 12 студент, 2пМК-10 студент, 3пКШФТ 15 студент 12 студент, 3пКШМ-11 тобы 3 студент, 3пКДО-11 тобы 10 студент, 2асКШИЧ-9 тобы 6 студент, 3пФК-11 тобы 5 студент, ) студент болды. Оларға өзін-өзі басқару ұйымының ережесі, қызметі жөнінде ақпарат берілді. Осы жиынға жатақхана тәрбиешілері қатысып жатақханадағы студенттік кеңестің құрамы жасақталды. Студенттік кеңестің төрағалығына 3б КШИ-9тобының студенті Қ.Ақмарал , әр секцияға бір студенттік кеңес мүшелерінен 12 студент, әр секцияға бір старостадан 12 староста тағайындалды. Студенттік кеңес төрағасы күн сайын жатақханадағы тәртіпті қадағалап отырады.

Оқу жылының басында колледж студенттерінің кезекшілік кестесі жасақталып, бекітілді. Кезекші топтарға олардың қызметтері туралы алдын-ала айтылып, кестеге, колледж ережесіне сай кезекшілер қызметтерін атқаруда.

Колледжде «Ынтымақ» волонтерлік қозғалысы жұмыс жасауда. Атаулы мерекелерде өткізілетін қайырымдылық акциясы шеңберінде жыл сайын «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне қайырымдылық шараларын өткізізеді , жалғыз басты қариялар мен зейнеткерлерге, еңбек және соғыс ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетіліп, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.



Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2050" стратегиялық жолдауында: "Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.

Психикалық денсаулықты қорғау және нығайту бойынша қоғамның назарын аудару, ең алдымен, отбасында және қоғамда өз денсаулығына қатысты жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ психикалық денсаулық дағдыларын сақтау бойынша, оның ішінде: өз-өзіне қол жұмсаудың (суицидтің) алдын алу; білім беру саласында ғана емес, бірінші кезекте жасөспірімдер мен жастар үшін қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасауға ықпал ету мақсатындағы «Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған бірлескен түрдегі іс-шаралар жүзеге асырылды.



Өзін өзі басқару ұйымының студентері ұйымдастырған «Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған іс-шара негізінде әрбір студент өзінің игі, жарқын және бүкпесіз сөздерін жазу үшін арнайы №6 кабинетте «Игі сөздер шақырымы!» атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияға колледждің 1-2 курс студенттері қатысып, өздерінің қабырға газеттерін тапсырды. Акцияның мақсаты: студенттер арасында өзара қолайлы жағдай туғызу, жақсы көңіл-күй сыйлау,өзара түсінісу, жағымды сөздерді сыйлау болды.

«Жаның сау болмай, денің сау болмас!» ұранымен Дүниежүзілік психикалық денсаулықкүніне арналған бірлескен түрдегі іс-шаралар жүзеге асырылды.

Шараның ашылу рәсімін 1аКШО-9 топ студенті Мұратова Дананың орындауындағы «Тек алға!» әнімен басталды. «Өмір мен сені сүйемін!» психологиялық тренинг жүзеге асырылды. «Джунглидағы жауын», «Мен өз әлемімнің қожайынымын», «Есте қалған қызықты оқиға» атты жаттығулар ұйымдастырылып, барлығы белсенді қатысты. Өміршендік ережесін барлығы қосылып айтты:




«Игі сөздер шақырымы!» акциясы ұйымдастырылды. Соны қорытындылау бойыншаәрбір топтан бір студенттен шығып, өз қолтаңбаларын қалдырды (Әр студент берілген флипчартқа өзіндік ойын бейне түрінде салды).

Сонымен қатар, осы іс-шарада колледжіміздің белсенді студенттері «Жайық педагогикалық отряды» өздерінің ойын-жаттығуларын өткізді. Ойын барысы қызықты өтіп, 1 курс студенттері белсенділік танытты.

Шара соңында оқытушылар құрамының қатысуымен «Өмір- мен сені сүйемін!» ұранымен флешмоб жүзеге асырылып, шарасы қорытындысы М.Мақатаевтың «Шыда, шада, шыдай түс! өлең жолдары оқылды.



Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы» байқауы ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында байқауға14 жұп қатысып, бақтарын сынады. «Күзгі бал» байқауының жеңімпаздары,Қасымхан мен Алтынай – 2аКДО 1асФК.

«Бірлігі жарасқан елім бар!» тақырыбында 1 курс студенттері арасында «Сенің жұлдызды сәтің!» өнер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: жастарға музыка және көркемөнердің түрлі жанрларында өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беріп, жас таланттарды табу. Байқау 4 жанрдан тұрды: - Вокал ( жеке дауыста, дуэт, ансамбль), аспаптық жанрда, көркемсөз,би (жеке, топтық),шығармашыл тұлға.

Байқауға 1 курсқа биыл қабылданған топтардың барлығы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бір апта бұрын әр топқа музыка кафедрасының оқытушылары жетекшілік етіп, дайындады. Топтар байқауға жауапкершілікпен дайындалған. Байқауда орын алған студенттер 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау күніне арналған шарада марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет