Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет35/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40


21.09.2017 күні колледж акт залында жұмыс жоспарына сәйкес «Жатақхана – жанға жайлы өз үйім» 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Студенттік Кеңес және барлық тәрбиешілер ұйымдастырды. Кездесу барысында 1сРШО-9 тобының студенті А.Максимчук «Помолимся за родителей» әнін, 6б қабаты тұрғындары флешмоб, 1аРШО-9 тобының студенті К.Суркова «Вера» әнін, 1бКШФ-9 тобының студенті жеке би, 2сКДО-9 тобының студенті Г.Шахиева «Жібектің елі» әнін, 6а қабаты тұрғындары флешмоб және 1аРШО-9 тобының студенті В.Говорухина «Туған жер» әнін орындаса 1аМК-9 тобының студенті А.Амангелді, 2сКДО-9 тобының студенті Г.Шахиева және т.б студенттер Абайдың, Мұқағалидың өлеңдерін оқыды. Ал өз шығармаларын орындаған 4сКШО-9 тобының студенті І.Файзолла «1 студенттеріне арнау» және 3бКШО-9 тобының студенті Ж.Қалқаманова «Жатақхана өмірі» өлеңдері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Кездесу кеші аяқталған соң би кеші ұйымдастырылды.

10.10.2017 күні БҚО «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының 03.10.2017 күні жолдаған №40 хатына сәйкес колледж акт залында жастар арасында дәстүрлі діни құндылықтарды сақтауға және діни экстермизмнің алдын алу мақсатында кешенді ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында «Жастар – ел болашағы» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге ҚМДБ Орал медіресесінің оқытушысы Т.Есқалиев қатысып діни адасушылықтың алдын алу, ислам діні ішіндегі жат ағымдарды қалай ажырата білу жолдарын және Қазақстандағы жат ағымды насихаттайтын діни ғалымдар жөнінде жеке-жеке тоқталды. Кездесуге директордың ТІЖ орынбасары С.Жумиева, жатақхана тәрбиешілері және 150 жатақхана тұрғыны қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет