Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар



бет44/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Презентацияны рәсімдеу. Презентация дегеніміз - жазба жұмысының графикалық материалы. Бұл студенттердің жазба жұмыстарын қорғауда қолданылатын Power Point құралымен жасалған түрлі-түсті сурет ретінде беріледі. Презентацияда қорғау ұсынылып отырған зерттеу жұмысының мақсаты және негізгі мазмұны көрнекі түрде көрсетіледі.

Презентацияның слайдтарында жазба жұмысының мазмұнына сәйкес жасалған графикалық материал беріледі. Презентация бір-бірімен логикалық байланысқа құрылған кемі 7 слайдтан тұруы қажет.

Презентацияның титулдық слайды мына түрде рәсімделеді:

- жоғарғы оқу орнының атауы;

- шығарушы кафедраның атауы;

- жұмыстың тақырыбы;

- жазба жұмысы авторының аты-жөні;

- жазба жұмысының ғылыми жетекшісінің аты-жөні.

Презентацияның әр слайдының нөмірі көрсетілуі керек, ол слайдтың жоғарғы сол жағында, ал навигация белгісі слайдтың төменгі оң жағында орналасады.

Презентация слайды жұмыстың мазмұнына, студенттің шығармашылық ой-талғамына қарай рәсімделеді.

Power Point құралымен жасалған презентация:


  1. презентация бір стильде рәсімделеді;

  2. шектеулі түстерді қолдану, яғни берілетін материал, ақпарат көрінбей қалмауы қажет;

  3. компьютерлік графика әдісі негізінде жасалған суреттер, сызбалар, кестелер сапалы болуы керек;

  4. қорғауда 5-7 метрлік жерде тұрып слайдта берілген ақпараттарды оқи алатындай сапалы түрде берілуі қажет;

  5. көрнекілік;

  6. пиктограммалар мен белгіленген графикалық таңбалар;

  7. анимацияны да орынды қолдану;

  8. слайд саны студенттің сөйлейтін сөзімен, уақытымен сәйкес келеді.

Презентацияда ұзақ мәтіндік ақпарат берілмейді.

Курстық жұмысын Power Point негізінде жасалған презентацияның шығарылған нұсқасы альбом түрінде қорғалады.

Презентация альбомы келесі талаптарға сай рәсімделеді:


  1. А4 форматында ақ-қара нұсқасында шығарылған слайды ( әр бетте бір слайдтан);

  2. Слайдтар мына тәртіп бойынша тігіледі: титулдық слайд, презентацияның құрылысы (слайдтың тәртібі мен жалпы саны), нөмірленген слайдтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет