Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар



бет9/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Екінші кезең – жұмысты дайындауға қажет ақпарат негіздерін сұрыптау. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – ізденіс, қажетті, маңызды және құнды материалдарды таңдау, алдын-ала меңгеру болып табылады.

Қажетті ақпарат көздерін жинау – өте қарапайым технологиялық жұмыстардың бірі. Студент, біріншіден, қолда бар материалды жүйелеп, одан кейін ізденіс негізінде қосымша ақпараттарды жинақтайды. Осыдан кейін студенттің жинап әкелген материалдарын ғылыми жетекшісі қарастырып, жұмыс мазмұнына сай қажетін топтастырып, жүйелейді. Жұмыстың жазылу барысында материалдарды қайта қарастыру мәселесі кездесіп жатады.

Жазба жұмысы өзіндік болу тиіс, ол Интернет немесе басқа еңбектерден дәлме-дәл көшірме болмауы қажет.

Екінші кезеңнің орындалу қорытындысы бойынша жұмысты орындаушының қолында мынадай құжаттар болады:

1) жазба жұмыстың алдын-ала нұсқасын дайындау үшін жеткілікті материалдар мен қолда бар әдебиеттердің тізімі;

2) тақырыпты әрі қарай меңгеру үшін таңдап алынған материалдарды белгілеу нәтижесі;

3) тақырыпты алдын-ала меңгеру барысында жүргізілген жұмыс жазбалары.

Үшінші кезең. Үшінші кезеңнің барысында жазба жұмысының негізгі мәтінінің алғашқы нұсқасы беріледі. Алғашқы нұсқа материалы кейін жұмыстың негізгі мазмұнына айналады. Жұмыс мазмұнын оқығаннан кейін жазба жұмысының жалпы жоспарының алғашқы нұсқасына нақтылау енгізіледі. Осыдан кейін жазба жұмысының нақты жоспары құрылып, кейінгі жұмыс барысында қатты назарға алынады. Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен кеңесшілер шақырады.

Кеңесші ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлерін де тағайындауға болады. Кеңесшілер өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

Шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жобаның) орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

Төртінші кезең – жазба жұмысының негізгі мәтінінің жұмыс нұсқасын соңғы түріне дейін өңдеу. Бұл кезең өте көп еңбектенуді қажет етеді. Жазба жұмыс мазмұнының соңғы нұсқасын дайындауды орындауды қарастырады:


  1. алдын-ала нұсқаның мазмұнын редакциялау және түзету;

  2. жұмыстың орындалуына байланысты жаңа түскен материалдармен толықтыру;

  3. мазмұнда көрсетілген жазба жұмысының өзіндік тараулары, яғни қосымшасы, күрделі және кіші құрылымдық бөліктерін жұмыс жүйесіне сай нақтылау.

Төртінші кезеңнің соңында студенттің ғылыми жұмысы алдын-ала қорғаудан өтеді, оның уақытын, орнын кафедра бекітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет