Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың арнайы білім беру мазмұны



Дата19.06.2022
өлшемі19,85 Kb.
#146811
Байланысты:
1 тапсырма
Excel Grade 5

Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың арнайы білім беру мазмұны
Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалар білім алу үшін мекемелерді таңдауға кұқылы, сол себепті бүл жерде оқудын әр кезеңінде білім, икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу жағдайларын ескеру қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі кажеттілігікалыпты түлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету.
Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше кажеттіліктерін толық қанағаттандыру аркылы жүреді.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білімберу жағдайлары:
– арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, соның ішінде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары. Арнайы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік-консультациялар ұсыныстарын ескере отырып айқындалатын психикалық және дене кемістіктерін, сонымен катар танымдық мүмкіндіктерін ескереді. Ұзақ уақыт бойы емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөсірімдер үшін жалпы білім беретін арнайы түзету оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі;
– әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану аркылы түзетушілікпедагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру;
– толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету;
– түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық колдау көрсетуі; психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойылады:
– оқытудың түзету-дамыту бағыты;
– оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесін қалыптастыруы тиіс,
– оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру;
– оқытудың ғылымилығы;
– оқу материалының білім беретін оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы;
– білім мазмұны өмір, тәжірибесімен тығыз байланыста болуы;
– оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты камтамасыз ету;
– білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларын ұсыну (мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек).
Жоғарыда аталған талаптар нақты белгіленген құжаттарда бекітіледі олар: білім беру стандарты, оқу жоспары, білім беру оқу бағдарламалары мен оқулықтар.
Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол денсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, коғамның аталмыш тұлғаларға кажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынайы сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет