Тазы мен түлкі
Жапан далада бір жігіт аң аулап жүреді. Ойда жоқ жерде бір шеңгел түбінен қызғылт түлкі ытқи жөнеледі. Аңшының алғыр тазысы оны бірнеше арқан бойы жерден қуып береді.
Зымырап қашқан түлкі арқан бойы жерге жеткенде, тазы оның қашқан орнына келеді. Жан сауғалап түлкі тағы сонша жерге ұзағанда тазы оны қуып жетіп, бас салады.
Аңшы ауылға келіп, достарына түлкіні қалай ұстағанын қыздырмалатып әңгімелейді. Тазысын мақтайды.
- Түлкі шеңгел түбінен бастап, ұсталғанға дейін қанша арқан бойы жерге қашты екен?-деп сұрайды достарының біреуі.
- Түлкіні қойшы, тазы қанша арқан бойы қуғанын айтсайшы,-дейді екіншісі.
- Тазы түлкіден неше есе жүйрік болды екен?-деп үшінші адам саусақтарын санайды. –Арқан бойы жердің төтелігі бар ғой, төтесін айтсайшы.
Тазы түлкіден неше есе жүйрік? Ол түлкіні неше арқан бойы жерден қуып жеткен?
Шешуі: Барлығы жиырма төрт арқан бойы жер бар. Түлкінің қашқан жолын деп, тазының қуған жолын деп алайық. Сонда
теңдеулер жүйесін шешсек, , шығады.
Жауабы: Тазы түлкіден екі есе жүйрік. Ал түлкі барлығы он екі арқан бойы жерге дейін қашып барған. Олай болса, тазы түлкіні жиырма төрт арқан бойы жерге дейін қуған.
Достарыңызбен бөлісу: |